Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «VodaTech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сумен жабдықтаудың коммуналдық желілерін төсеу және пайдалану үшін Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының аумағында орналасқан алаңы 0,0786 гектар жер учаскелеріне қырық тоғыз жыл мерзіміне қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.