О распределении оставшейся в распоряжении коммунальных государственных предприятий Федоровского района части чистого дохода Қолданыста
Басқа 0
Федоров ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140 - бабы 2 - тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы органдар:
Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жыл сайын мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту кезінде аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның иелігінде қалған бөлігін таза кірістің бір бөлігіне бөлсін.
Тармақ 2
2. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
- осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.