Об утверждении Правил определения мест размещения, порядка установки, функционирования и демонтажа нестационарных объектов и нестационарных торговых объектов на территории города Астаны Қолданыста
Басқа 0
Астана қаласының аумағында стационарлық емес объектілер
мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын, олардың орнатылу,
жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидалары, олардың орнатылу, жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Астана қаласының аумағында стационарлық емес объектілер мен
стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау
қағидалары, олардың орнатылу, жұмыс істеу және бөлшектелу
тәртібі
Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 502-5110
Қаулысына қосымша
Астана қаласының аумағында стационарлық емес объектілер мен
стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау
қағидалары, олардың орнатылу, жұмыс істеу және бөлшектелу
тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Астана қаласының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидалары, олардың орнатылу, жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібі (бұдан әрі — Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ішкі сауда субъектісі − Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі сауданы жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) сауда қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – Астана қаласының аумағында сауда қатынастары мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ИКДБ);
Тармақша 3
3) стационарлық емес сауда объектісі (бұдан әрі – СЕСО) − сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық жалғануының) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыспаған, уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
Тармақша 4
4) жер учаскесі − Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
Тармақша 5
5) жер учаскесін жалдау құқығын сату төлемақысы − уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскесі үшін біржолғы төлем;
Тармақша 6
6) кейінгі жер пайдаланушылар – өзінің бастапқы жер пайдаланушы мәртебесін сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар;
Тармақша 7
7) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – Астана қаласының аумағында жер қатынастары мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – СҚҚЖҚБ).
Тарау 2. 2-тарау. Стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау тәртібі
2-тарау. Стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Шағын және орта бизнес субъектілеріне көше саудасын жүргізу үшін СЕСО орналастыруға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын оператор «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) болып табылады.
Тармақ 4
4. СҚҚЖҚБ Оператордың өтінімі бойынша бос жер учаскелері туралы ақпарат береді.
Тармақ 5
5. СЕСО орындарын айқындау кезінде Оператор СЕСО жер учаскелерін іріктеп, Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен төменде көрсетілген шарттарды ескере отырып:
Тармақша 1
1) орналасқан жері мен алып жатқан алаңын;
Тармақша 2
2) сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі кемінде 1 (бір) жыл және 5 (бес) жылдан аспайтын кезеңді;
Тармақша 3
3) жақын маңдағы инфрақұрылым ескерілген қызмет саласын (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері);
Тармақша 4
4) техникалық параметрлері мен сипаттамаларын, жақын маңдағы инженерлік желілерге дейінгі қашықтықты, қажетті инженерлік желілерге қосуға тиісті техникалық жағдайларды бекітеді.
Тармақ 6
6. Оператор бекітілген жер учаскелері бойынша ақпаратты СЕСО астында әкімдіктің, ИКДБ және Оператордың ресми сайттарында орналастырады.
Тарау 3. 3-тарау. Астана қаласының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру тәртібі, жұмыс істеуі және оларды бөлшектеу
3-тарау. Астана қаласының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру тәртібі, жұмыс істеуі және оларды бөлшектеу
Тармақ 7
7. Ішкі сауда субъектісі СЕСО орнату кезінде жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысы (тротуардың жаяу жүргіншілер бөлігінің ені кемінде 1,5 (бір жарым) метр, мүгедек адамдар мен халықтың өзге де аз қозғалатын топтары үшін жағдайлар жасау, төтенше жағдайлар кезінде арнайы көліктің кедергісіз кіруін қарастырады.
Тармақ 8
8. СЕСО орнату кезінде ішкі сауда субъектісі объектінің орналасқан жерін, техникалық параметрлері мен сипаттамаларын, жақын маңдағы инженерлік желілерге дейінгі қашықтықты, инженерлік желілерге қосылуға тиісті жағдайларды және/немесе дербестікті ескере отырып технологиялық мүмкіндік болған кезде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету, кәріз, су құбыры желілеріне және электр желілеріне қосылады.
Тармақ 9
9. СЕСО орнату кезінде ішкі сауда субъектісінің маңдайшасы болуы ұсынылады.
Тармақ 10
10. Ішкі сауда субъектілері қызметін жүзеге асыру шеңберінде:
Тармақша 1
1) жердi оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердегі жерлерде функционалдық аймаққа сәйкес, уақытша жер пайдалану кезiнде – оның ішінде, жалдау шартына (уақытша өтеусiз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдаланады;
Тармақша 2
2) санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологияларын қолданып, өздерi жүзеге асыратын қызмет салдарынан адам денсаулығына зиян келтіруге, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдайдың нашарлауына, экологиялық залал келтіруге жол бермейді;
Тармақша 3
3) жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын уақтылы төлейді;
Тармақша 4
4) жер учаскесiнде шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтайды;
Тармақша 5
5) басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбайды.
Тармақ 11
11. СЕСО сауда Қазақстан Республикасының ҚР СТ 3675 «Сауда қызметтері. Шағын бөлшек сауда желілері объектілеріне қойылатын жалпы талаптар» ұлттық стандартының талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Ішкі сауда субъектісі учаскесін жалға алу мерзімі аяқталған жағдайда немесе ішкі сауда субъектісі өзге себептер бойынша өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, белгіленген объектіні бөлшектеу ішкі сауда субъектісінің өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Оператор мен ішкі сауда субъектісі арасында жасалған шарттың талаптары бұзылған жағдайда, Оператор тарапты болған бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы алдын ала хабардар еткеннен кейін, шартты тоқтату туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 14
14. Ішкі сауда субъектісі бөлшектеу жұмыстарын хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде орындалады.
Тармақ 15
15. Бұзушылықтарды жою талаптары орындалмаған жағдайда, Оператор өзінің шығындары есебінен СЕСО демонтаждауға құқылы, кейіннен осы шығындарды ішкі сауда субъектісінен белгіленген тәртіппен өндіріп алуға құқылы.
Тармақ 16
16. Қағидалармен реттелмеген өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен регламенттеледі.
_____________________________