Об утверждении Правил определения выравнивающего коэффициента, применяемого к установленным ставкам налога на добычу полезных ископаемых Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 778-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамсыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 139 Бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 778-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін теңестіру коэффициентін (бұдан әрі – теңестіру коэффициенті) айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) алдыңғы кезең – ағымдағы тоқсанның алдындағы күнтізбелік тоқсанға тең уақыт кезеңі;
Тармақша 2
2) алдағы кезең – ағымдағы күнтізбелік тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан.
Тарау 2. 2-тарау. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау тәртібі
2-тарау. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Теңестіру коэффициентін айқындау үшін есепке алудың бақылау аспаптары мен бақылау-касса машиналарының деректерінен, сондай-ақ ашық көздерден, оның ішінде мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілердің ресми интернет-ресурстарын және тауар биржаларын мониторингтеу жолымен алынған деректер пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Салық саясаты саласындағы уәкілетті органға:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың ресми деректері және (немесе) жалпыға қолжетімді ресми ақпарат көздері негізінде – алдыңғы кезеңдегі Қазақстан Республикасымен шекаралас өңірлердегі Аи-92 бензинінің бөлшек саудадағы орташа бағасы;
Тармақша 2
2) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі салаларында мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ұсынатын ресми деректер негізінде – алдыңғы кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы Аи-92 бензинінің бөлшек саудадағы орташа бағасы;
Тармақша 3
3) көмірсутектер саласындағы ұлттық компания – алдыңғы кезеңдегі өнім бірлігіне мұнай өндірудің орташа өндірістік өзіндік құны туралы ақпарат алдағы кезеңнің алдындағы айдың 1-інен кешіктірілмей беріледі.
Тармақ 5
5. Теңестіру коэффициенті Салық кодексінің 778-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының әрбір мөлшерлемесі үшін алдағы кезеңге айқындалады.
Тармақ 6
6. Теңестіру коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады: – теңестіру коэффициенті, – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай кестеге сәйкес коэффициенттің бастапқы мәні; – мұнай өнімдері бағасының өзгеру коэффициенті; – Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен келісу бойынша енгізілетін түзету коэффициенті. Егер түзету коэффициенті енгізілмеген болса, оның мәні бір бірлікке тең болады. Мұнай өнімдері бағасының өзгеру коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі: – алдыңғы кезеңдегі Қазақстан Республикасымен шекаралас өңірлердегі Аи-92 бензинінің бөлшек саудадағы орташа бағасы, тоннасына теңгемен; – алдыңғы кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы Аи-92 бензинінің бөлшек саудадағы орташа бағасы, тоннасына теңгемен; өз.құн – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын 20 пайызға ұлғайтылған өнім бірлігіне мұнай өндірудің орташа өндірістік өзіндік құны, тоннасына теңгемен; мөлш – Салық кодексінің 778-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі; – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай кестеге сәйкес коэффициенттің бастапқы мәні. Мұнай өнімдері бағасының өзгеру коэффициенті шикі мұнайдың өндірістік өзіндік құнын мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағаларын шекара маңындағылармен жақындату үшін талап етілетін деңгейге дейін ұлғайту қажет болған жағдайда есептеледі. Мұнайдың өндірістік өзіндік құнын ұлғайту қажет болмаған кезде бағаның өзгеру коэффициентінің нөлдік мәні қолданылады. Мұнайды меншікті өндірістік мұқтаждарға пайдаланған жағдайда, теңестіру коэффициентін айқындау кезінде мұнай өнімдері бағасының өзгеру коэффициентінің мәні нөлге тең деп танылады. Осы тармақта көзделген коэффициенттердің мәндері үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен есептеледі.
Тармақ 7
7. Салық саясаты саласындағы уәкілетті орган теңестіру коэффициентін осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындайды және шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығына теңестіру коэффициенттерінің кестесін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша алдағы кезеңнің алдындағы айдың 15-інен кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Басқа 1. Бастапқы коэффициенттер кестесі
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидаларына 1-қосымша Бастапқы коэффициенттер кестесі Жыл­дық өн­ді­ру кө­ле­мі Мұ­най­дың бар­ре­лі­нің құ­ны, АҚШ дол­ла­ры 20 30 40 50 60 70 80 90 100 110 120 130 140 150 160 170 180 190 200 250 000 тон­на­ға дей­ін 0,13 0,13 0,13 0,10 0,08 0,08 0,07 0,07 0,07 0,06 0,06 0,06 0,05 0,05 0,05 0,05 0,05 0,05 0,05 500 000 тон­на­ға дей­ін 0,17 0,17 0,17 0,13 0,11 0,10 0,09 0,09 0,09 0,08 0,08 0,08 0,07 0,07 0,07 0,07 0,06 0,06 0,06 1 000 000 тон­на­ға дей­ін 0,18 0,18 0,18 0,14 0,12 0,11 0,11 0,10 0,10 0,09 0,09 0,09 0,08 0,08 0,08 0,07 0,07 0,07 0,07 2 000 000 тон­на­ға дей­ін 0,20 0,20 0,20 0,15 0,13 0,12 0,12 0,11 0,11 0,10 0,10 0,10 0,09 0,09 0,09 0,08 0,08 0,08 0,08 3 000 000 тон­на­ға дей­ін 0,21 0,21 0,21 0,16 0,14 0,13 0,13 0,12 0,12 0,11 0,11 0,10 0,10 0,10 0,09 0,09 0,09 0,08 0,09 4 000 000 тон­на­ға дей­ін 0,22 0,22 0,22 0,17 0,15 0,14 0,13 0,13 0,13 0,12 0,11 0,11 0,11 0,10 0,10 0,10 0,09 0,09 0,09 5 000 000 тон­на­ға дей­ін 0,23 0,23 0,23 0,18 0,16 0,15 0,14 0,14 0,13 0,13 0,12 0,12 0,11 0,11 0,11 0,10 0,10 0,10 0,10 7 000 000 тон­на­ға дей­ін 0,24 0,24 0,24 0,19 0,17 0,16 0,15 0,15 0,14 0,14 0,13 0,13 0,12 0,12 0,12 0,11 0,11 0,10 0,11 10 000 000 тон­на­ға дей­ін 0,26 0,26 0,26 0,21 0,19 0,17 0,17 0,16 0,16 0,15 0,14 0,14 0,13 0,13 0,13 0,12 0,12 0,12 0,12 10 000 000 тон­на­дан жо­ға­ры 0,28 0,28 0,28 0,23 0,21 0,20 0,19 0,18 0,18 0,17 0,16 0,16 0,15 0,15 0,15 0,14 0,14 0,13 0,14
Басқа 2. 20 __ жылғы__ тоқсанға арналған шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығына теңестіру коэффициенттерінің кестесі
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының белгіленген мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидаларына 2-қосымша Нысан 20 __ жылғы__ тоқсанға арналған шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығына теңестіру коэффициенттерінің кестесі Жыл­дық өн­ді­ру кө­ле­мі Мұ­най­дың бар­ре­лі­нің құ­ны, АҚШ дол­ла­ры 20 30 40 50 60 70 80 90 100 110 120 130 140 150 160 170 180 190 200 250 000 тон­на­ға дей­ін 500 000 тон­на­ға дей­ін 1 000 000 тон­на­ға дей­ін 2 000 000 тон­на­ға дей­ін 3 000 000 тон­на­ға дей­ін 4 000 000 тон­на­ға дей­ін 5 000 000 тон­на­ға дей­ін 7 000 000 тон­на­ға дей­ін 10 000 000 тон­на­ға дей­ін 10 000 000 тон­на­дан жо­ға­ры