Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы «¥лы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жэне соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесі бекітілсін.
Басқа 1. ЕРЕЖЕСІ
Облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 25 маусымдағы IX сессиясының №95 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға (әрі қарай -әлеуметтік төлемдер алушылар) тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік төлемдер 2004 жылдың 1 шілдесінен бастап жасалынады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындау Қызылорда қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы жүргізіледі және Байқоныр қалалық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау орталығы Байқоныр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері
2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік көмектер ай сайын (қосымша есебіне сәйкес) түрлері бойынша тағайындалады:
Тармақша 1
1)шаштараздар қызметі үшін әлеуметтік төлемдер;
Тармақша 2
2)моншалар қызметі үшін әлеуметтік төлемдер.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Қаржыландыру және төлеу
3. Қаржыландыру және төлеу
Тармақ 5
5. Бағдарламаның әкімшісі облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандық және қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері болып табылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтіқ төлемді алушының құқығын растайтын құжат Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлерінің, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдардың аудандық, қалалық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы бөлімдерінің ай сайын ұсынылған мөрімен расталған тізімі болып табылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
Тармақ 8
8. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер әлеуметтіқ төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.