Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Чингирлауского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шыңғырлау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырындағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 қаулысына және аудандық төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі аудандық комисияның 2026 жылдың 6 қаңтардағы № 1-01-5-2/1 хаттамасына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Нұртазиев тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.