О правилах предоставления социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельской местности Күшін жойған
Басқа 0
Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсауылық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру Ережесі туралы
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы «Қазақстан Республикасында агроөндірістік кешенің және ауыл (селоны) дамыту басымдылығы туралы» Заңына сәйкес («Қазақ КСР Жоғары Кеңестік жаршысы»1991 жылғы, № 8, б 93) Мамлют аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет департаментінде тіркеуден өткеннен кейін және аудандық «Знамя труда» газетінде жарияланған соң күшіне енеді.
Мамлют аудандық қаржы басқармасының бастығымен келісілді
________________ Ж.Г.Данияров
Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау
бөлімінің бастығымен келісілді ____________Т. Омаров
Орындаушы:
Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау
бөлімінің бастығы Т. Омаров
Басқа 3. Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру Ережесі
Ауданық мәслихаттың
III шакырылуы Х сессиясының
2004 жылғы 19 қарашадағы №11/5
шешімімен бекітілді
Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының «Қазақстан Республикасында ауылды (селоны) және агрөнеркәсіптік кешенді дамыту басымдықтары туралы» 1991 жылғы 13 ақпандағы Заңын орындауға әзірленген.
Тармақ 2
2. Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына (одан әрі әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлем), бір рет ақшалай төленетін төлем жылына бір рет тағайындалады және төленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік сала мамандарына заңсыз төленген ақшалай төленген сомасы қолданыстағы заңмен белгіленген тәртіпте кінәлі тұлғалар есебінен орнына толтырылады.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлем еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылған құжаттар негізінде тағайындалады.
Тармақша 1
1) Бір рет төленетін ақшалай төлемді тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) Ақшалай төлем алушының банктегі есеп шотының нөмірі;
Тармақша 3
3) Атқаратын міндеті туралы мекемеден анықтама;
Тармақша 4
4) Мекен-жайын анықтайтын анықтама.
Тапсырылған құжаттар негізінде ақшалай төлем тағайындалады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік саланың екі не одан көп тұлғалары бірге тұратын жағдайда, осы Ереже бойынша бір рет төленетін ақшалай төлем әрқайсысына беріледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.
Тармақ 6
6. Селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына ақшалай төлемді қаржыландыру сәйкес жылда осы мақсаттарға қарастырылған жергілікті бюджет есебінен бөлінеді.
Тарау 4. 4. Есеп жүргізу, есеп беру және бақылау тәртібі.
4. Есеп жүргізу, есеп беру және бақылау тәртібі.
Тармақ 7
7. Бір рет төленетін ақшалай төлемге есеп жүргізу, есеп беру және бақылау еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне жүктеледі.
Тармақ 8
8. Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі тоқсан сайын бірінші айдың 10-на дейін екінші деңгейдегі банкпен отын сатып алуға өткен тоқсанда төленген бір рет ақшалай төлем сомалары бойынша салыстыру актілерін құрастырады.