Об утверждении Положения ГУ «Аппарат акима города Темиртау» Қолданыста
Басқа 0
«Теміртау қаласы әкімінің
аппараты» ММ-нің Ережесін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аппаратының басшысы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Теміртау қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 52/14 қаулысымен
бекітілді
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкім аппараты) Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкiмінiң және әкімдігінің қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Әкім аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Әкім аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Әкім аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Әкім аппараты құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101406, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік Гүлзары, 12.
Тармақ 9
9. Осы ереже Әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Әкім аппараты қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әкім аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен Әкім аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Әкім аппараты заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Мақсаттары:
қала аумағында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын ұйымдастыру;
құзыреті шегінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
республикалық және облыстық бағдарламаларды, сондай-ақ қала бюджетiн iске асыруды ұйымдастыру;
қала аумағындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қала әкімі мен әкімдігінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
заңнамада белгіленген тәртіппен атқарушы органдардың қарамағындағы ақпараттық ресурстарды пайдалануға;
қала әкімдігінің отырыстарына қатысуға;
қала әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімі аппаратының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша материалдарды дайындауға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және мекемелердің қызметкерлерін тартуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және тапсырмаларын, сондай-ақ қала әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз ету;
жоғары тұрған органдардың және қала әкімі актілері мен тапсырмаларының орындалуына талдау жүргізу, анықталған бұзушылықтар мен оларды орындамау себептерін жою жөнінде шаралар қабылдау;
өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын сақтау;
тиісті аумақтың даму мүдделері мен қажеттіліктерімен ұштастыра отырып, мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету жөнінде қала әкімі мен әкімдігіне жәрдем көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) қала аумағында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) заңдарды, Президент пен Үкімет актілерін, сондай-ақ қала әкімі мен әкімдігінің актілерін орындауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, құзыреті шегінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 4
4) қала әкімі, оның орынбасарлары, аппарат қызметкерлерінің қызметін, сондай-ақ Әкім аппараты өткізетін іс-шараларды шаруашылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) әкімі мен әкімдіктің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде әкімдік, әкім және Әкім аппаратының мүдделерін соттарда білдіруді, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді және келісуді, құқықтық мониторингті жүргізуді және үйлестіруді қамтиды;
Тармақша 6
6) әкімнің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде қызметтік іс-шараларды дайындау мен өткізуді, тапсырмалардың орындалуын жоспарлау мен бақылауды және әкімдік құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді қамтиды;
Тармақша 7
7) қала әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде қызметтік құжаттарды қарауды, іс жүргізуді мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізуді, құпия құжаттармен жұмысты, әкімнің шешімдерін, өкімдерін және әкімдік қаулыларын сақтауды қамтиды;
Тармақша 8
8) заңнама талаптарына сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағыштарда келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік қызметтерді қабылдауды, тіркеуді, талдауды және бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) Теміртау қаласының жергілікті атқарушы органдарында кадр саясатын кадрларды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру, кадрларға (оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша) қажеттілікті талдау мен жоспарлау, кадр құрамын қалыптастыру және конкурс өткізу, кәсіби бейімделуді және тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы орындауды, еңбек тәртібін және еңбек жағдайларын, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтауды, кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде жүргізу жолымен жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) қала әкімі мен әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-талдамалық жариялауды, әкімдікке, әкімге және әкім аппаратына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланған материалдарды күнделікті талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуын болдырмау, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен қараудан қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға қарсы іс-әрекеттердің алдын алу жөніндегі жұмыстарды кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия аясында жүргізу;
Тармақша 12
12) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыруды, оқу-жаттығуларды ұйымдастыру мен өткізуді, халықты оқытуды, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою үшін күштер мен құралдардың дайын болуын үйлестіреді;
Тармақша 13
13) қала аумағында жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақытында жұмысқа көшу жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кешенді іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) қалалық терроризмге қарсы комиссия аясында терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауды және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтардың профилактикасы, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 17
17) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
Тармақша 18
18) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының ішкі мемлекеттік бақылауын жүргізеді;
Тармақша 19
19) ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыруды жүзеге асырады, оның ішінде барлық байланыс арналарының (жергілікті желілер, интернет-қосылымдар) сыртқы және ішкі қатерлерден сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) әкіммен жүктеген, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Әкім аппаратын басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Әкім аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 17
17. Әкім аппараты басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Әкім аппаратының атынан мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) сенімхатсыз Әкім аппараты атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) Әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін өз құзыреті шегінде үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 4
4) белгіленген лимит шегінде қала әкімдігінің және әкімнің бекітуіне Әкім аппаратының құрылымы мен штат кестесінің жобасын, оның құрылымдық бөлімшелері туралы Ережені, сондай-ақ Ақтау кенті әкімінің аппараты мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар құрылымының жобасын ұсынады;
Тармақша 5
5) әкімге әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын қол қоюға ұсынады;
Тармақша 6
6) тәртіптік, конкурс комиссияларының және кадр мәселелері жөніндегі басқа да комиссиялардың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылайды;
Тармақша 8
8) аппарат қызметкерлерін, Ақтау кенті әкімі мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, материалдық көмек көрсету, үстемеақылар белгілеу, көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңының талаптарының және құпиялылық режимінің құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) қалада мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) қала әкімі тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 14
14) облыстың, қаланың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және қала әкімімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Әкім аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 18
18. Әкім аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Әкім аппараты мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 19
19. Әкім аппараты бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 20
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Әкім аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.