Об утверждении правил финансирования бюджетной программы (подпрограммы), направленной на вложение целевого взноса Қолданыста
Басқа 0
Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 168-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Нысаналы жарна салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялауға жатады және 2025 жылдың 30 желтоқсанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 1. Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны
(кіші бағдарламаны) қаржыландыру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 177
бұйрығына қосымша
Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны
(кіші бағдарламаны) қаржыландыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 168-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың қызмет нәтижелерін алушыға «бір терезе» қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және шарттарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 3
3) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына нысаналы жарна (бұдан әрі – нысаналы жарна) – республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін;
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар түрінде;
әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
Тармақша 6
6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.
Тарау 2. 2- тарау. Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау тәртібі
2- тарау. Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау тәртібі
Тармақ 3
3. Жоспарлау процесінің қатысушылары:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) нысаналы жарна бойынша шығыстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыс органы болып табылатын қор.
Тармақ 4
4. Қор жоспарланатын үшжылдық кезеңнің алдындағы жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде нысаналы жарна бойынша шығыстар бойынша ұсыныстарды әзірлейді және уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган:
тиісті жылдың 15 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде:
Тармақша 1
1) Қордан алынған нысаналы жарна бойынша болжамды қажеттілік ұсыныстарын негізділігі, Қазақстан Республикасының заңнамасына, денсаулық сақтауды дамыту басымдықтарына, нысаналы индикаторларға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көрсетілген нәтиже көрсеткіштеріне және уәкілетті органның ұсыныстарына сәйкестігі тұрғысынан қарау және талдауды;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның даму жоспары жобасының, ведомстволық бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) жобасының, уәкілетті органның даму жоспары жобасының мақсаттарына және нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттілік есебінің құрамында алдағы үш жылдық кезеңге арналған нысаналы жарна бойынша болжамды қажеттілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуді;
ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар уәкілетті органның даму жоспарының жобасы құрамында бюджеттік өтінімді және алдағы үш жылдық кезеңге арналған нысаналы жарна бойынша болжамды қажеттіліктің бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Қор ұсынған болжамды қажеттілік уәкілетті орган жеткізген нысаналы жарна бойынша бюджет қаражатының лимиттеріне сәйкес келмеген жағдайда, лимиттер жеткізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде нысаналы жарна бойынша болжамды қажеттілікті уәкілетті органға қайта ұсынады.
Тармақ 7
7. ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу үшін нысаналы жарна қаражатын жоспарлау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-290/2020 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21844 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. Заңның 26-бабының 1-тармағында айқындалған Қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түріндегі нысаналы жарна қаражатын жоспарлау:
Тармақша 1
1) Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың алдыңғы үш жыл кезеңіндегі орташа жылдық саны «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 4-қосымшаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-мен уәкілетті органға ай сайынғы нысан негізінде ұсынылады;
Тармақша 2
2) Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес жоспарланған кезеңге Қорға төленуге жататын МӘМС-ға мемлекет жарналарының мөлшерінде;
Тармақша 3
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізінде жүзеге асырылады.
Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген тұлғалар үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарналары түріндегі әрбір болжанатын жылға арналған нысаналы жарна мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
мұндағы:
i– ағымдағы жыл;
k = 1, 2, 3;
Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың i+k-1 жылға арналған болжамды жылдық орташа тізімдік саны;
Қ өсім – Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың соңғы үш жылдағы орташа өсу қарқыны, ол формула бойынша айқындалады:
Қ өсім =
мұндағы:
Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген тұлғалардың ағымдағы жылдың алдындағы жылдағы жылдық орташа тізімдік саны есептелетін жылдың он екі айындағы орташа ретінде есептеледі;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын болжанатын қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақының мөлшерін;
Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес жоспарланатын кезеңге i+k жылы үшін Қорға төленуге жататын МӘМС-ға мемлекет жарналарының мөлшері;
m – мемлекеттің МӘМС жарналарын қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлар саны.
Тармақ 9
9. МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін нысаналы жарна қаражатын жоспарлау кезінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне есеп айырысу жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Заңның 27-бабы 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген адамдарға соңғы үш жылда МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтер санының орташа өсу қарқынын ескере отырып, МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтердің болжамды саны;
Тармақша 2
2) МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтердің болжамды санына «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) бекітілген тарифтер жүргізу жолымен шығыстар сомасы.
Тармақ 10
10. Нысаналы жарнаны қалыптастыру осы Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарында айқындалған қаражат сомаларын жинақтау жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Қор бөлінген бюджет шегінде нысаналы жарна бойынша жылдық көлемді нақтылау (түзету) жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес уәкілетті органға жібереді.
Бөлінген бюджет шегінде нысаналы жарна сомаларын нақтылау (түзету) жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарайды.
Тарау 3. 3-тарау. Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру тәртібі
3-тарау. Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру тәртібі
Тармақ 12
12. Нысаналы жарна сомасының көлемі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде айқындалады.
Тармақ 13
13. Республикалық бюджет бекітілгеннен кейін Қор уәкілетті орган міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру кезінде есепке алу үшін бағыттар бойынша сомаларды көрсете отырып нысаналы жарнаның жылдық сомасын ай сайын бөлу жөнінде ұсыныстар қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді:
Тармақша 1
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін;
Тармақша 2
2) Заңда айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде;
Тармақша 3
3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін.
Нысаналы жарнаның жылдық сомасын айлар бойынша бөлуді Қор аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімдерін ескере отырып, төлемдерді жүзеге асыру мерзімдерін негізге ала отырып жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Нысаналы жарнаны пайдалану процесінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстарды Қор ағымдағы айдың 5-іне дейінгі мерзімде уәкілетті органға жібереді.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Уәкілетті органның нысаналы жарнаны аударуы ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде (желтоқсан айында 20-күніне дейін) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қордың шотына ай сайын:
Тармақша 1
1) ТМККК шеңберінде көрсетілген қызметтерге ақы төлеу үшін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган мен Қор арасында жасалған Заңда айқындалған Қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ке мемлекет жарналары түріндегі нысаналы жарнаны аудару туралы шарттың негізінде;
Тармақша 3
3) МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде жүзеге асырылады.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып ақша қаражатын аудару ағымдағы айдың 25 күніне дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Қорға ТМККК бөлінетін нысаналы жарна қаражаты есебінен денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша алдыңғы жылдың Қордың міндеттемелерін орындауы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган мен Қор есепті қаржы жылы аяқталғаннан кейін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Заңда айқындалған Қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ке мемлекет жарналары түріндегі нысаналы жарнаны аудару бойынша берешегінің бар не жоқ екенін растайтын салыстыру актісін жасайды.
Тармақ 18
18. Заңда айқындалған Қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түріндегі нысаналы жарнаны аудару бойынша Қордың алдында өткен жылы қалыптасқан уәкілетті органның кредиторлық берешегі, сондай-ақ осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес салыстыру актісі және Заңда айқындалған Қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ке мемлекет жарналары түріндегі нысаналы жарнаны аудару туралы кредиторлық берешек қалыптасқан шарттың көшірмелері негізінде жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұрау салуға енгізіледі.
Кредиторлық берешекті төлеу келесі жоспарлы кезеңде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Нысаналы жарнаны пайдалану жөніндегі есептілік
4-тарау. Нысаналы жарнаны пайдалану жөніндегі есептілік
Тармақ 19
19. Қор тоқсан сайын уәкілетті орган белгілеген нысандарға сәйкес нысаналы жарнаны пайдалану жөніндегі есептерді уәкілетті органға ұсынады.