О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Арабской Республики Египет о воздушном сообщении Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді бекіту туралы Каирде 2001 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісім бекітілсін. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН ЕГИПЕТ АРАБ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ Осы Келiсiмде бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi, Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның қатысушылары болып табыла отырып, олардың мемлекеттерiнiң тиiстi аумақтарының арасында және олардан тыс жерлерде тұрақты әуе қатынасын орнату мақсатында аталған Конвенцияға толықтыру ретiнде Келiсiм жасасуға тiлек бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап АНЫҚТАМАЛАР
1-бап АНЫҚТАМАЛАР Егер контекстен өзгеше туындамаса ғана осы Келiсiмнiң мақсаттары үшін:
Тармақша а
а) "Конвенция" терминi Чикагода 1944 жылғы 7 желтоқсанда қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны бiлдiредi және осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес кез келген Қосымшаны және осы Қосымшалар мен түзетулердi екi Уағдаласушы Тарап қабылдаған болса, Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес Қосымшаларға немесе Конвенцияға кез келген түзетудi қамтиды;
Тармақша b
b) "авиациялық билiк орындары" терминi Қазақстандық Тарап үшiн - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, Египеттiк Тарап үшiн - Египет Араб Республикасының Көлiк министрi - Азаматтық авиация басқармасының төрағасын немесе екi жағдайда да қазiргi уақытта көрсетiлген билiк орындары орындайтын функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi кез келген тұлғаны бiлдiредi;
Тармақша с
с) "тағайындалған авиакәсiпорын" терминi осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес тағайындалған және уәкiлеттi авиакәсiпорынды бiлдiредi;
Тармақша d
d) "әуе қатынасы", "халықаралық әуе қатынасы", "авиакәсiпорын" және "коммерциялық емес мақсаттармен аялдау" терминдерi Конвенцияның 96-бабында көрсетiлген маңызға ие;
Тармақша e
e) "аумақ" терминi әрбiр Уағдаласушы Тараптың егемендiгiне жататын жер беттерiн және аумақтық суларды бiлдiредi;
Тармақша f
f) "тарифтер" терминi жолаушыларды, багажды және жүктi тасымалдау үшiн және агенттiк қызметтер көрсету үшiн немесе көлiк құжаттарын сату үшiн комиссиялық алымдар мен басқа да қосымша төлемдердi қоса алғанда, бiрақ почтаны тасымалдау үшiн төлемдер мен шарттарды алып тастағанда, осы бағалар қолданылатын жағдайлар үшiн төленетiн бағаларды бiлдiредi;
Тармақша g
g) "барлық жүк әуе қатынасы" терминi жүк немесе почта (қосымша көмекшi қызметтермен қоса) жеке немесе аралас тасымалданатын, бiрақ жолаушылар тасымалын жүзеге асырмайтын әуе кемесi орындаған халықаралық әуе қатынасын бiлдiредi;
Тармақша h
h) "Келiсiм" терминi осы Келiсiмдi, оған қосымшаны және Келiсiмге немесе қосымшаға кез келген түзетулердi бiлдiредi.
Бап 2. 2-бап ТАСЫМАЛДАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН БЕРУ
2-бап ТАСЫМАЛДАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН БЕРУ
Тармақ 1
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап оның тұрақты халықаралық әуе желiлерiне қатысты екiншi Уағдаласушы Тарапқа мынадай құқықтарды бередi:
Тармақша а
а) оның мемлекетiнiң аумағы арқылы қонусыз ұшып өту құқығын;
Тармақша b
b) өз мемлекетiнiң аумағына, осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген пункттерге коммерциялық емес мақсаттармен қону құқығын;
Тармақша с
с) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағындағы пункттерге немесе пункттерден келе жатқан жолаушыларды, багажды, жүктi және почтаны осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген пункттерде, жоғарыда аталған аумақта тиеу және түсiру құқығын;
Тармақша d
d) осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген белгiленген бағыт бойынша үшiншi елдердiң пункттерiне немесе пункттерiнен келе жатқан жолаушыларды, багажды, жүктi және почтаны осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген пункттерде, үшiншi елдердiң аумақтарында тиеу және түсiру құқығын. Қосымшада көрсетiлген бағыттар бұдан әрi "белгiленген бағыттар", ал осы бағыттар бойынша халықаралық әуе желiлерi "келiсiлген желiлер" деп аталады.
Тармақ 2
2. Осы Бапта ешнәрсе де бiр Уағдаласушы Тарап авиакәсiпорнына екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында жалдау шартымен немесе сыйақы үшiн және осы екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағындағы басқа пунктке тасымалдауға жататын жолаушыларды, жүк пен почтаны бортқа алуына құқық бередi деп қаралмайтын болады.
Бап 3. 3-бап ӨКIЛЕТТIКТЕР
3-бап ӨКIЛЕТТIКТЕР
Тармақ 1
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап белгiленген бағыттар бойынша келiсiлген желiлердi пайдалану үшiн, ол туралы екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарлай отырып, бiр және одан да көп авиакәсiпорынды тағайындауға құқылы.
Тармақ 2
2. Екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары осындай хабарламаны алысымен осы баптың 4 және 5-тармақтарының ережелерiне сәйкес әрбiр тағайындалған авиакәсiпорынға ұшуға арналған тиiстi рұқсаттарды дереу бередi.
Тармақ 3
3. Әрбiр Уағдаласушы Тарап осындай авиакәсiпорынды тағайындаудан бас тартуға және ол туралы екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарлай отырып, басқасын тағайындауға құқылы.
Тармақ 4
4. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсiпорыннан халықаралық әуе желiлерiн пайдалану кезiнде Конвенцияның ережелерiне сәйкес осы Уағдаласушы Тарап әдеттегiдей және негiздi түрде қолданатын заңдар мен ережелерде нұсқалған шарттарды орындауға қабiлетiнiң барлығына дәлелдемелер талап ете алады.
Тармақ 5
5. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың осы баптың 2-тармағында айтылған ұшу рұқсаттарын беруден бас тартуға немесе осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтарды тағайындалған авиакәсiпорын пайдалану кезiнде қажет деп есептейтiн шарттарын орындауды осы авиакәсiпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тараптың немесе оның мемлекетi азаматтарының осы авиакәсiпорынның үстiнен басым иелену және пәрмендi бақылау жасай алатындығының дәлелдемелерi болмаған кез келген жағдайда талап етуге құқығы болады.
Тармақ 6
6. Осы Келiсiмнiң 11-бабының ережелерiне сәйкес белгiленген тарифтер күшiне енгiзiлген жағдайда осылайша тағайындалған және рұқсат алған авиакәсiпорын кез келген уақытта келiсiлген желiлердi пайдалануды бастауы мүмкiн.
Бап 4. 4-бап БЕРIЛГЕН ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ КҮШIН ЖОЮ ЖӘНЕ УАҚЫТША ТОҚТАТУ
4-бап БЕРIЛГЕН ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ КҮШIН ЖОЮ ЖӘНЕ УАҚЫТША ТОҚТАТУ
Тармақ 1
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсiпорынға (авиакәсiпорындарға) берiлген осы Келiсiмнiң 2-бабында көзделген пайдалануға арналған рұқсатты жоюға немесе құқықтарды уақытша тоқтатуға немесе осы құқықтарды пайдалану кезiнде қажеттi деген шарттардың мына жағдайларда орындалуын талап етуге құқылы:
Тармақша а
а) егер ол осы авиакәсiпорынды тағайындаған Уағдаласушы Тараптың немесе оның азаматтарының авиакәсiпорынның үстiнен басым иелiк және пәрмендi бақылау жасай алатындығына сенiмдi болмаған жағдайда;
Тармақша b
b) егер осы авиакәсiпорын осы құқықтарды беретiн Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдарын және ережелерiн сақтамаған жағдайда;
Тармақша с
с) егер авиакәсiпорын қандай да бiр себептермен осы Келiсiммен нұсқалған шарттарды орындамаған жағдайда.
Тармақ 2
2. Егер заңдар мен ережелердiң бұдан әрi бұзылуын ескертуге осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттардың орындалуын талап ету немесе жою, уақытша тоқтата тұру қажеттi болып табылмаса, онда екiншi Уағдаласушы Тараппен консультациялардан кейiн ғана осындай құқықтар пайдалынатын болады. Осындай консультациялар жүргiзуге сұрау түскен уақыттан бастап, егер Уағдаласушы Тараптардың арасында өзгеше көзделмесе, алпыс күн (60) iшiнде басталуы тиiс.
Бап 5. 5-бап ЗАҢДАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
5-бап ЗАҢДАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Тармақ 1
1. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң халықаралық әуе қатынастарын пайдаланатын әуе кемесiнiң өз мемлекетiнiң аумағына келуi мен ұшып кетуiн немесе осы аумақтың үстiнде осындай әуе кемесiн басқаруды реттейтiн заңдары, ережелерi мен рәсiмдерi екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына да қолданылатын болады.
Тармақ 2
2. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң өз аумағынан жолаушылардың, экипаждың, багаждың, жүктiң немесе почтаның кiруiн, уақытша болуын және шығуын реттейтiн заңдары, ережелерi және рәсiмдерi, мысалы кiруге, шығуға, эмиграция мен иммиграцияға қатысты нысандылықтар сияқты, сондай-ақ кедендiк ережелерi және санитарлық шаралары екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының әуе кемесiмен тасымалданатын жолаушыларға, экипажға, багажға, жүкке немесе почтаға аталмыш аумақта болу кезiнде қолданылатын болады.
Тармақ 3
3. Уағдаласушы Тараптың ешқайсысы өзiнiң тағайындалған авиакәсiпорнына осы бапта көзделген заңдар мен ережелердi қолдануда екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына қатысты бергенiнен артық құқық бермейдi.
Бап 6. 6-бап ТАСЫМАЛДАР КӨЛЕМIН РЕТТЕУ
6-бап ТАСЫМАЛДАР КӨЛЕМIН РЕТТЕУ Келiсiлген желiлерде орындалатын тасымалдардың көлемi мынадай жағдайларға сәйкес болуы тиiс:
Тармақ 1
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың да тағайындалған авиакәсiпорындарына белгiленген бағыттар бойынша келiсiлген желiлердi пайдалануда қолайлы және тең жағдайлар жасалатын болады.
Тармақ 2
2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың авиакәсiпорынының бәсекеге қабiлеттi жағдайына қолайсыз әсер ететiн кемсiтушiлiктердiң немесе терiс пиғылды бәсекелестiктiң барлық нысандарын болдырмау үшiн өз юрисдикциясы шегiнде барлық тиiстi шараларды қабылдайтын болады.
Тармақ 3
3. Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорны (авиакәсiпорындары) орындайтын тасымалдар көлемi белгiленген бағыттар бойынша тасымалдауларда қоғамдық қажеттiлiкке сәйкес болуы тиiс және әрбiр авиакәсiпорынның бiрiншi кезектегi мiндетi авиакәсiпорын тағайындайтын Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арасындағы жолаушыларды, жүк пен почтаны тасымалдауда қазiргi және болжамды қажеттiлiкке жауап бере алатындай сыйымдылықты ұсынуы тиiс.
Тармақ 4
4. Үшiншi елдердiң аумақтарында белгiленген бағыттардағы пункттерде отырғызылатын (тиелетiн) және түсетiн (түсiрiлетiн) жолаушыларды, багажды, жүк пен почтаны тасымалдау шарттары жалпы қағидатқа сәйкес болады, оған сай сыйымдылық мыналарға байланысты болады:
Тармақша а
а) жөнелту елi мен жеткiзу елдерiнiң арасындағы тасымалдауларға қажеттiлiкке;
Тармақша b
b) осы аудандағы мемлекеттердiң авиакәсiпорындары белгiлеген жергiлiктi және аймақтық әуе желiлерiн ескере отырып, келiсiлген желi өтетiн ауданның тасымалдауларға қажеттiлiгiне; және
Тармақша с
с) трансферттiк тасымалдауларға қажеттiлiгiне.
Бап 7. 7-бап КУӘЛIКТЕР МЕН АЙҒАҚТАРДЫ ТАНУ
7-бап КУӘЛIКТЕР МЕН АЙҒАҚТАРДЫ ТАНУ
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптардың бiрiмен берiлген немесе күшi бар деп танылған, қолданылу мерзiмi өтпеген ұшуға жарамдылық куәлiктерi, бiлiктiлiк куәлiктерi мен айғақтары келiсiлген желiлердi пайдалану кезiнде екiншi Уағдаласушы Тараппен де күшi бар деп танылады.
Тармақ 2
2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың, алайда, өз мемлекетi аумағының үстiнен ұшуларға қатысты өз азаматтарына берiлген немесе басқа мемлекетпен күшi бар деп танылған бiлiктiлiк куәлiктерi мен айғақтарын танудан бас тapтуына құқығы сақталады.
Бап 8. 8-бап КЕДЕНДIК БАЖДАН ЖӘНЕ БАСҚА АЛЫМДАРДАН БОСАТУ
8-бап КЕДЕНДIК БАЖДАН ЖӘНЕ БАСҚА АЛЫМДАРДАН БОСАТУ
Тармақ 1
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорындарының халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын әуе кемесi, сондай-ақ олардың табельдiк жабдықтары, сол әуе кемесiне тиелген отын қоры, жағармай материалдары және борттық қорлар (кәдесыйларды, азық-түлiктi, сусындарды және темекi бұйымдарын қоса, дайын бұйымдар болып табылатын) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнгеннен кейiн, егер осы жабдықтар мен қорлар керi әкетiлген мерзiмге дейiн әуе кемесiнiң бортында қалатын болса, барлық кедендiк баждардан, инспекциялық алымдардан және басқа да баждар мен салықтардан босатылатын болады.
Тармақ 2
2. Сонымен бiрге, кедендiк ресiмдеу, сондай-ақ ұсынылған қызметтер үшiн алымдарды қоспағанда, осындай кеден төлемдерi мен салықтардан мыналар да босатылады:
Тармақша а
а) бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында осы Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарымен белгiленген көлемде бортқа алынып, белгiленген бағыттар бойынша ұшуды орындаушы екiншi Уағдаласушы Тараптың әуе кемесiнiң бортында пайдалану үшiн қолданылатын борттық қорлар;
Тармақша b
b) бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына екiншi Уағдаласушы Тарап тағайындаған авиакәсiпорын белгiлеген маршрутта пайдаланылатын әуе кемесiн техникалық қызметтен өткiзу немесе жөндеу үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектер;
Тармақша с
с) халықаралық ұшуларды орындайтын екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының ұшып шығатын әуе кемесi үшiн берiлетiн отын және жағармай материалдары, тiптi бұл қорлар Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы шегiнде өтетiн бағыт бөлiгiнде бортқа алынып, қолданылатын болса да. Осы баптың а), b) және с) тармақшаларында көрсетiлген материалдар талап ету бойынша кедендiк билiк орындарының бақылауына немесе қадағалауына ұсынылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Бiр Уағдаласушы Тараптың әуе кемесiнiң бортындағы табельдiк борт жабдығы, сондай-ақ материалдар мен қорлар екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына осы Уағдаласушы Тараптың кедендiк билiк орындарының рұқсатымен ғана түсiрiлуi мүмкiн. Осы жағдайда, олар, керi әкетiлгенге дейiн немесе кедендiк ережелерге сәйкес басқадай қолданыс тапқанға дейiн, аталған билiк орындарының қадағалауында болып жайластырылуы мүмкiн.
Бап 9. 9-бап ТIКЕЛЕЙ ТРАНЗИТТIК ТАСЫМАЛДАРЫ
9-бап ТIКЕЛЕЙ ТРАНЗИТТIК ТАСЫМАЛДАРЫ
Тармақ 1
1. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы тiкелей транзитпен ұшып баратын және осы мақсат үшiн бөлінген әуежайдан ұзамайтын жолаушылар, багаж, жүк және почта күш көрсету әрекетiне, әуе қарақшыларына және есiрткi заттарын алып өтуге қарсы қауiпсiздiк шараларын қолдану қажет болғаннан басқа жағдайларда бақылаудың тек жеңiл түрлерiнен өтетiн болады.
Тармақ 2
2. Тiкелей транзитпен өтетiн багаж, жүктер және почта кеден төлемдерi мен салықтар салудан босатылатын болады.
Бап 10. 10-бап АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК
10-бап АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтардан туындайтын өздерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерiне сәйкес бiр-бiрiне қатысты алған азаматтық авиацияның қауiпсiздiгiне заңсыз араласу әрекеттерiнен қорғау мiндеттерiн мақұлдайды. Халықаралық заңдарда көрсетiлген құқықтары мен мiндеттемелерiнiң жалпылама қолданысымен шектелiп қоймай, Уағдаласушы Тараптар сонымен бiрге, Токиода 1963 жылғы 14 қыркүйекте қол қойылған Әуе кемелерiнiң бортында жасалатын қылмыстар және кейбiр басқа да әрекеттер туралы конвенцияның, Гаагада 1970 жылғы 16 желтоқсанда қол қойылған Әуе кемелерiне заңсыз басқыншылық жасаумен күресу туралы конвенцияның және Монреальда 1971 жылғы 23 қыркүйекте қол қойылған Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттермен күресу туралы конвенцияның, оның Монреальда 1988 жылғы 24 ақпанда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиацияға қызмет көрсететiн әуежайларда күш қолданудың заңсыз әрекеттерiмен күресу туралы Хаттамасының, сондай-ақ екi Уағдаласушы Тарап қосылуы мүмкiн авиациялық қауiпсiздiк туралы кез келген басқа конвенцияның ережелерiне сәйкес әрекет жасайды.
Тармақ 2
2. Уағдаласушы Тараптар өтiнiшi бойынша азаматтық әуе кемелерiн заңсыз басып алу әрекеттерiне және әуе кемелерiнiң, олардың жолаушылары мен экипаждарының, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз әрекеттерге, сондай-ақ азаматтық авиация қауiпсiздiгiне төндiретiн кез келген басқа қауiп-қатердi болдырмау жөнiнде бiр-бiрiне бүкiл қажеттi барлық көмегiн көрсетедi.
Тармақ 3
3. Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң қатынастарында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы белгiлейтiн және Халықаралық азаматтық авиация жөнiндегi конвенцияға Қосымшалар аталатын авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге сәйкес, мұндай қауiпсiздiктер жөнiндегi ережелер Уағдаласушы Тараптарға қолданымды болатындай деңгейде iс-әрекет жасайды; олар тiркеуiндегi әуе кемесiнiң қызмет көрсететiн персоналы немесе негiзгi жұмыс орны немесе тұрақты тұрған жерi олардың мемлекеттерi аумағында болатын әуе кемесiнiң қызмет көрсететiн персоналы авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi осындай ережелерге сәйкес iс-әрекет жасауын талап ететiн болады.
Тармақ 4
4. Әрбiр Уағдаласушы Тарап әуе кемесiнiң қызмет көрсететiн персоналынан олардың мемлекеттерiнiң аумағы шегiнде кiру, шығу және болу үшiн осы екiншi Уағдаласушы Тарап көздейтiн, осы баптың 3-тармағында айтылған авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер мен талаптарды сақтауын екiншi Уағдаласушы Тараптың талап ете алатындығымен келiседi. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз мемлекетiнiң шегiнде отырғызу немесе түсiру уақытында және оған дейiн әуе кемелерiн қорғау және жолаушыларды, экипажды, қол жүгiн, багажды, жүктi және борттық қорды тексеру үшiн тиiстi шаралардың тиiмдi қолданылуын қамтамасыз ететiн болады. Әрбiр Уағдаласушы Тарап нақты қауiпке байланысты қауiпсiздiктiң орынды арнайы шараларын қолдану туралы екiншi Уағдаласушы Тараптың кез келген өтiнiшiн тiлектестiкпен қарайды.
Тармақ 5
5. Азаматтық әуе кемесiн заңсыз басып алуға немесе әуе кемесiнiң, ондағы жолаушылар мен экипаждың, әуежайлар мен аэронавигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған басқа да заңсыз әрекеттерге байланысты оқыс оқиға немесе оқыс оқиға қатерi туған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар өзара байланысты жеңiлдету арқылы және ондай қақтығысты немесе қақтығыс қатерiн тез және қауiпсiз түрде жою мақсатында басқа да тиiстi шаралар қолдану арқылы бiр-бiрiне көмек көрсетедi.
Тармақ 6
6. Егер осы бапта көрсетiлген авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердi Уағдаласушы Тараптардың бiрi орындамайтындай болса, онда екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары осы Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң билiк орындарынан жедел консультациялар талап ете алады.
Бап 11. 11-бап ТАРИФТЕР
11-бап ТАРИФТЕР
Тармақ 1
1. Кез келген Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына немесе аумағынан тасымалдау үшiн тарифтер барлық тиiстi факторларды ескере отырып, пайдалану шығындарын, орынды пайданы, әуе желiсiнiң сипаттамаларын және тұтынушының мүддесiн қоса, ақылға сыйымды мөлшерде белгiленедi.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тарифтер екi Уағдаласушы Тараптың да тағайындалған авиакәсiпорындарымен келiсiлетiн болады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында айтылған келiсу, мүмкiншiлiгiне қарай, Халықаралық әуе көлiгi қауымдастығы қолданатын рәсiмдердi пайдалану жолымен мүмкiн болады.
Тармақ 4
4. Осылайша келiсiлген тарифтер екi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарының бекiтуiне оларды енгiзудiң болжанған күнiне дейiн кемiнде отыз күн бұрын ұсынылатын болады; жекелеген жағдайда бұл мерзiм аталған билiк орындарының келiсуiмен қысқартылуы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Егер тағайындалған авиакәсiпорындар қандай да болмасын тарифтi бекiту мәселесi бойынша келiсе алмаса немесе басқа бiр себептермен осы баптың 2-тармағына сәйкес тарифтер белгiленбесе немесе отыз күндiк мерзiмнiң iшiндегi бiрiншi он бес күнде осы баптың 4-тармағына сәйкес бiр Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындары екiншi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарына тарифтермен келiспейтiндiгi туралы осы баптың 2-тармағына сәйкес келiсiлген хабарламасын тапсырған жағдайда, Уағдаласушы Тараптардың екеуiнiң мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары осы тарифтер бойынша келiсiмге келуге тырысатын болады.
Тармақ 6
6. Егер авиациялық билiк орындары осы баптың 4-тармағына сәйкес оларға қарауға ұсынылған тарифтермен немесе осы баптың 5-тармағына сәйкес қандай да болмасын тарифтi айқындау бойынша келiсiмге келе алмаса, онда дау осы келiсiмнiң 18-бабының ережелерiне сәйкес шешiлетiн болады.
Тармақ 7
7. Әрбiр Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары тарифтердi бекiткенше олардың күшi болмайды.
Тармақ 8
8. Осы баптың ережелерiне сәйкес белгiленген тарифтер осы баптың ережелерiне сәйкес жаңа тарифтер белгiленгенге дейiн, бiрақ Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары келiспегенiн бiлдiрген күннен бастап он екi айдан асырылмай, күшiнде қалады.
Тармақ 9
9. Әрбiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындары бекiткен тарифтердi тағайындалған авиакәсiпорындардың қолдануын қамтамасыз ету үшiн барынша күш салатын болады және де ешбiр авиакәсiпорын тарифтердi ешбiр дәрежеге және ешқандай жолдармен, тiкелей не жанамалай төмендетудi заңсыз қолданбайды.
Бап 12. 12-бап КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
12-бап КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ Әрбiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнының бұдан әрi қолданылатын заңдар мен ережелерге сәйкес екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында авиакөлiк қызметтер көрсетуiн тiкелей немесе агенттер арқылы еркiн сатуға, тасымалдар бойынша құжаттардың барлық түрлерiн, сондай-ақ жарнамалық материалдарды пайдалануға және авиабилеттердiң сатылуына жәрдемдесуге тең мүмкiншiлiгi болады.
Бап 13. 13-бап ӨКIЛДIК
13-бап ӨКIЛДIК Бiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына (авиакәсiпорындарына) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында кiруге, болуға және еңбекпен қамтамасыз етуге қатысты заңдары мен ережелерiн сақтай отырып, өз өкiлдiгiн ашуға, екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында өз өкiлдерiн, келiсiлген әуе желiлерiн пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қажетті коммерциялық, әкiмшiлiк және техникалық персоналды ұстауға құқық берiледi. Өкiлдiк персоналы қажет болғанда бiр немесе екi Уағдаласушы Тарап азаматтарының қатарынан алынады.
Бап 14. 14-бап КIРIСТЕРДI АУДАРУ
14-бап КIРIСТЕРДI АУДАРУ
Тармақ 1
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына, аумағында кiрiстер алынған Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес осы кiрiстерге тиiстi салықтар төленгеннен кейiн, осы авиакәсiпорынның өз мемлекетiнiң аумағында келiсiлген әуе желiлерiн пайдаланудан алған табыстары мен шығыстарының айырмасын еркiн айырбасталатын валютамен еркiн аударуға құқық бередi.
Тармақ 2
2. Қаржылық қатынастарды реттейтiн, сондай-ақ қосалқы салық салуды болдырмайтын арнайы келiсiмдер болған кезде, төлемдер осындай арнайы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес жүргiзiлетiн болады.
Бап 15. 15-бап АЛЫМДАР СТАВКАЛАРЫ
15-бап АЛЫМДАР СТАВКАЛАРЫ Әрбiр әуежайдың, оның құрылыстары, техникалық және басқа да құралдарын және қызметтер көрсетудi қоса алғанда, пайдаланудан алынған алымдар, сондай-ақ аэронавигациялық құралдарды, байланыс құралдарын және қызметтер көрсетудi пайдаланудан алынған кез келген басқа да алымдар осындай алымдар мен төлемдердiң осы Уағдаласушы Тараптардың тағайындалған авиакәсiпорындарының әуе кемелерiнен және ұқсас халықаралық қатынасты орындайтын басқа да авиакәсiпорындардың әуе кемелерiнен алынатын ұқсас алымдардан аспауы тиiс жағдайда алынатын болады.
Бап 16. 16-бап ҰШУ КЕСТЕСIН БЕРУ
16-бап ҰШУ КЕСТЕСIН БЕРУ
Тармақ 1
1. Келiсiлген авиажелiлерiндегi ұшу кестелерi Уағдаласушы Тараптардың екеуiнiң мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындарының бекiтуiне оларды енгiзудiң болжамды күнiнен кем дегенде отыз (30) күн бұрын тапсырылатын болады. Ерекше жағдайларда бұл мерзiм аталған билiк орындарының келiсiмiмен қысқартылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Қосымша ұшуларды орындау рұқсатына сұрауларды тағайындалған авиакәсiпорын (авиакәсiпорындар) екiншi Уағдаласушы Тараптың авиациялық билiк орындарына бекiтуге тiкелей тапсыруы мүмкiн.
Бап 17. 17-бап СТАТИСТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ
17-бап СТАТИСТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарының сұрауы бойынша осы Келiсiмге қатысты мерзiмдiк немесе басқа да статистикалық ақпараттарды ұсынады.
Бап 18. 18-бап ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ
18-бап ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ
Тармақ 1
1. Уағдаласушы Тараптардың арасында осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты туындаған кез келген дау ең алдымен тiкелей келiссөздер жүргiзу арқылы шешiлетiн болады.
Тармақ 2
2. Егер Уағдаласушы Тараптар келiссөздерде үстiнде келiсiмге келе алмаса, дауды қарауға қандай да болмасын құзыреттi тұлғаға немесе ұйымға берулерi мүмкiн; егер мұнымен олар келiспесе, Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша дау төрелiк соттың қарауына тапсырылады, ол үшiн әрбiр Уағдаласушы Тарап өз жағынан бiр-бiрден төрешi сайлайды. Тағайындалған төрешiлер үшiншi төрешiнi анықтайды. Уағдаласушы Тараптар даулы мәселелердi төрелiк сотта қарау жолымен шешу ұсынысы туралы хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған күннен кейiн алпыс (60) тәулiк iшiнде өз төрешiлерiн тағайындайды. Төрелiк соттың төрағасы келесi алпыс (60) тәулiк iшiнде тағайындалады. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiреуi төрешісiн тағайындамаса немесе төрелiк соттың үшiншi төрешiсi белгiленген мерзiмде тағайындалмаса, Уағдаласушы Тараптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесiнiң төрағасынан төрешiлердi немесе төрелiк соттың төрағасын тағайындауды сұрауы мүмкiн. Кез келген жағдайда үшiншi төрешi үшiншi мемлекеттiң азаматы болып табылады және төрелiк соттың төрағасы болады.
Тармақ 3
3. Уағдаласушы Тараптар осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiмдердi орындауға мiндеттенедi.
Тармақ 4
4. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрi төрелiк соттың шешiмiн орындамаса, екiншi Уағдаласушы Тарап осы Келiсiммен екiншi Уағдаласушы Тарапқа берiлген кез келген құқықтар мен жеңiлдiктердi орындамағаны үшiн шектеуге, уақытша тоқтатуға немесе жоюға құқылы.
Тармақ 5
5. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өзiнiң тағайындаған төрешiсiнiң жұмысына байланысты шығыстар мен төлемдердi өзiне алады. Төрелiк сот төрағасының қаламақысы мен шығыстарын, сондай-ақ төрелiк сотқа байланысты шығыстарды екi Уағдаласушы Тарап тең бөлiп төлейдi.
Бап 19. 19-бап КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР МЕН ӨЗГЕРIСТЕР
19-бап КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР МЕН ӨЗГЕРIСТЕР
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға қатысты Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң авиациялық билiк орындарының арасындағы тығыз ынтымақтастық рухта мезгiл-мезгiл консультациялар жүргiзiлетiн болады. Осындай консультациялар, егер екi Уағдаласушы Тарап бұл мерзiмдi ұзартуға келiспеген жағдайда, сұраныс түскен күннен кейiн алпыс (60) күннiң iшiнде басталуы тиiс.
Тармақ 2
2. Егер Уағдаласушы Тараптың бiрiгуi осы Келiсiмнiң қандай да болмасын ережелерiн өзгертудi дұрыс деп есептесе, ол екiншi Уағдаласушы Тараптан консультациялар сұрай алады. Осылайша келiсiлген өзгерiстер әрбiр Уағдаласушы Тараптың ережелерi мен заңдарына сәйкес бекiтiлетiн болады.
Бап 20. 20-бап КЕЛIСIМ КYШIНIҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
20-бап КЕЛIСIМ КYШIНIҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
Тармақ 1
1. Кез келген Уағдаласушы Тарап кез келген уақытта екiншi Уағдаласушы Тарапқа дипломатиялық арналар бойынша өзiнiң осы Келiсiмнiң күшiн жою туралы ниетiн хабардар етедi; мұндай хабарлама бiр уақытта Халықаралық азаматтық авиация ұйымының кеңесiне жiберiлетiн болады.
Тармақ 2
2. Бұл жағдайда Келiсiмнiң күшi, егер тоқтату туралы осы хабарлама уағдаластық бойынша осы мерзiм аяқталғанға дейiн керi қайтарылып алынбаса ғана, осындай хабарламаны екiншi Уағдаласушы Тарап алған күннен бастап он екi (12) ай өткеннен кейiн тоқтатады. Екiншi Уағдаласушы Тараптың хабарлама алғаны туралы растау құжат болмаған кезде, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы хабарлама алғаннан кейiнгi он төрт күннiң iшiнде алынған деп есептелетiн болады.
Бап 21. 21-бап ТIРКЕУ
21-бап ТIРКЕУ Осы Келiсiм мен оған кез келген келесi өзгерiстер Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесiнде тiркелетiн болады.
Бап 22. 22-бап КҮШIНЕ ЕНУI
22-бап КҮШIНЕ ЕНУI Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар халықаралық келiсiмдердiң жасалуына және күшiне енуiне байланысты мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы бiр-бiрiн жазбаша хабардар еткеннен кейiн күшiне енедi. Жоғарыда айтылғандардың дәлелi ретiнде тиiсiнше өздерiнiң Үкiметтерi уәкiлеттiк берген, төменде қол қоюшылар, осы Келiсiмге қол қойды. Каир қаласында 2001 жылғы 11 қарашада әрқайсысы қазақ, араб, ағылшын және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасының Yкiметi үшiн Үкіметi үшiн
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмге бағыттар кестесi
ҚОСЫМША Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмге бағыттар кестесi I бағыт Қазақстан Республикасы тағайындалған авиакәсiпорнының (авиакәсiпорындарының) төменде көрсетiлген бағыттар бойынша әуе қатынасын пайдалануға құқығы бар. ____________________________________________________________________ Ұшып шығу | Бiр аралық | Египеттегi пункт | Египетпен пункттерi | пункт | | тысқарыдағы бiр | | | пункт ______________|_______________|__________________|__________________ Қазақстандағы | Пункт қосымша | Каир | Бiр пункт пункттер | келiсiлетiн | | қосымша | болады | | келiсiлетiн | | | болады ______________|_______________|__________________|__________________ II бағыт Египет Араб Республикасы авиакәсiпорнының (авиакәсiпорындарының) төменде көрсетiлген бағыттар бойынша әуе қатынасын пайдалануға құқығы бар. ____________________________________________________________________ Ұшып шығу | Бiр аралық |Қазақстандағы пункт | Қазақстанмен пункттерi | пункт | | тысқарыдағы бiр | | | пункт ______________|_______________|___________________|_________________ Египеттегi | Пункт қосымша | Алматы | Бiр пункт пункттер | келiсiлетiн | | қосымша | болады | | келiсiлетiн | | | болады ______________|_______________|___________________|_________________
Тармақ 1
1. Кез келген аралық пункттерге және/немесе тысқарыдағы пункттерге (үшiншi елдерге) Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң тағайындалған авиакәсiпорны осы пункттер мен екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы арасындағы ұшуларды орындауға бесiншi дәрежелi еркiндiк құқықтарын берусiз қызмет көрсететiн болады. Алайда, ұшуларды орындауға бесiншi дәрежелi еркiндiктiң осындай құқықтары бiр Уағдаласушы Тараптың тағайындалған авиакәсiпорнына екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң авиациялық билiк орындарынан алдын ала келiсiм алғаннан кейiн берiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Белгiленген бағыттың кез келген немесе барлық пункттерi әрбiр тағайындалған авиакәсiпорынның қарауынша ұшудың кез келген учаскесiнде немесе бүкiл бағытта қалдырып кетiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмнiң мәтiнi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы орыс тiлiндегi мәтiнiмен бiрдей. Көшiрмесi дұрыс. Министрлiк Аппаратының басшысы