Об установлении публичного сервитута Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитутін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 40,0 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай «Freedom Telecom Operations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын (ТОБЖ) салу және пайдалану үшін 2045 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.