ИНСТРУКЦИЯ "О порядке оказания судами и учреждениями юстиции Республики Казахстан правовой помощи и о порядке обращения за правовой помощью к таким учреждениям иностранных государств" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы соттары мен әдiлет мекемелерiнiң құқықтық жәрдем беруiнiң және шет мемлекеттердiң осындай мекемелерден құқықтық жәрдем сұрауының тәртiптерi туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шарттарға, келiсiмдерге және конвенцияларға (әрi қарай - халықаралық шарттарға) сәйкес соттар мен әдiлет мекемелерi өздерiне белгiленген тәртiпте берiлген шетелдiк әдiлет мекемелерiнiң жеке iс жүргiзу әрекеттерiн жасау, айыпталушылардан, куәлардан, сарапшылардан жауап алу туралы өтiнiштерiн, тараптар мен басқа адамдардың түсiндiрмелерiн, соттық қарауды, заттай айғақтарды беру және салып жiберудi, сондай-ақ құжаттарды дайындау мен салып жiберудi, құжаттарды тапсыру туралы тапсырмаларды орындауды талап етудi орындайды және оларға өзге құқықтық көмек көрсетедi және де өздерi шетелдiк әдiлет мекемелерiне осындай тапсырмалармен және өтiнiштермен жүгiне алады.
Қазақстан Республикасының жасаған халықаралық шарттарында Қазақстан Республикасының заңдарындағы ережелерден өзге ережелер белгiленген жағдайларда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Тармақ 2
2. Шетелдiк әдiлет мекемелерiнiң тапсырмаларын Қазақстан Республикасының соттары және әдiлет мекемелерi, егер Шарттың өзiнде өзгеше көзделмесе, тек оларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi арқылы алған кезде ғана орындайды.
Соттарға немесе әдiлет мекемелерiне тiкелей келiп түскен шетелдiк әдiлет мекемелерiнiң тапсырмалары тек қана Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң нұсқауы бойынша орындалады.
Тармақ 3
3. Шетелдiк әдiлет мекемелерiнiң соттық тапсырмаларын iс жүргiзу әрекеттерi солардың қызмет ету саласында жүзеге асырылуға тиiс және құжаттар соларға берiлуге тиiстi адамдар солардың юрисдикциясына жататын соттар орындайды.
Тармақ 4
4. Әдiлет мекемелерiне берiлген тапсырмаларды аталған әрекет соның ауданында жасалуға тиiс әдiлет мекемесi орындайды. Егер нотариалдық әрекет жасау ауданында әдiлет мекемесi болмаса, тапсырмаларды белгiленген дислокация бойынша осы ауданға қызмет көрсететiн әдiлет мекемесi орындайды.
Шетелдiк әдiлет мекемелерiнiң тапсырмаларды орындау бойынша барлық әрекеттерiн нотариус жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Егер құжаттарды тапсырмада аталған мекен-жай бойынша тапсыру мүмкiн болмаса, сот немесе әдiлет мекемесi бұл жайлы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне хабарлай отырып, тапсырманы алушының жаңа мекен-жайы бойынша құзыреттi сотқа немесе әдiлет мекемесiне жiбередi.
Егер құжаттарды Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарт жасасқан мемлекеттiң әдiлет мекемесiнiң тапсырмасында аталған мекен-жай бойынша тапсыру мүмкiн болмаса, сот немесе әдiлет мекемесi өз бастамасымен нақты мекен-жайын анықтауға шаралар қолдануға тиiс.
Егер тапсырманы орындау басқа себептермен мүмкiн болмаса (құжатты алушының қайтыс болуы және т.б.) сот немесе әдiлет мекемесi тапсырманы берiп отырған шетелдiк әдiлет мекемесiне орындауға кедергi болып отырған себептер туралы хабарлауға және жiберiлген құжаттарды қайтаруға тиiс (N 4 қосымша).
Тармақ 6
6. Жеке iс жүргiзу әрекеттерiн жасау туралы сот тапсырмаларын орындау (куәлардан жауап алу, тараптардан түсiнiктемелер талап ету, қылмыс жасалған жерге қарау жүргiзу және басқалар) Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңдарына сәйкес сот отырысында жүзеге асырылады. Iске қатысушы адамдар отырыстың өтетiн уақыты мен жерi туралы хабарланады, алайда олардың келмеуi орындауға кедергi болып табылмайды (N 3 қосымша).
Тапсырма орындау кезiнде жасалған әрбiр iс жүргiзу әрекетi туралы, қолданылып жүрген iс жүргiзу заңдарының талаптарын сақтай отырып, хаттама жасалады.
Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарт жасасқан мемлекеттердiң әдiлет мекемелерiнен келiп түскен қылмыстық iстер бойынша тапсырмаларды орындау кезiнде, жеке тапсырма тәртiбiнде куәлардан, сарапшылардан, жәбiрленушiлерден жауап алудың, соттық қараудың жүргiзiлуi мүмкiн. Куәлар мен басқа адамдардан жауап алуды, сондай-ақ соттық қарауды хатшының қатысуымен судьяның жеке өзi сот отырысында жүргiзедi; бұл әрекеттердiң сипаттамасы мен нәтижелерi судья мен хатшы қол қоятын хаттамаға енгiзiледi.
Тармақ 7
7. Тапсырмалар бойынша құжаттарды беру, егер берiлетiн құжаттар мемлекеттiк (орыс) тiлiнде жазылған болса, қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiпке сәйкес жүзеге асырылады. Сұрау салушы мекемеге қайтарылатын құжатты беру туралы растау қағазында берушiнiң мөрiмен және қойған қолымен куәландырылған, алушының қолхаты болуға тиiс және онда берiлу күнi мен орны көрсетiлуге тиiс.
Шет тiлiнде жазылған, беруге жататын құжаттар, егер алушы оларды өз еркiмен қабылдауға келiскен болса, алушыға берiледi.
Тармақ 8
8. Егер құжаттарды тапсырмада көрсетiлген мекен бойынша беру мүмкiндiгi болмаса, әдiлет мекемесi адамның тұратын жерiн алдын ала анықтап алып, тапсырмаға тиiстi ауданның (облыстың) мекен-жай бюросының анықтамасын тапсырмаға қосып, бұл құжаттарды Әдiлет министрлiгiне қайтару және алған мәлiметтердi жолдама хатта көрсетуге тиiстi, мұнда мiндеттi түрде себептер көрсетiледi.
Егер адресат аталған мекен-жайда тiркелген, бiрақ онда тұрмаған жағдайда, әдiлет мекемесiнiң жұмыскерi (тапсырманы орындаушы) адамның аталған мекен-жайда тұрмайтындығы туралы акт жазады да әдiлет мекемесiнiң мөрiмен куәландырады.
Тармақ 9
9. Құжаттарды адресатқа беру Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес немесе, егер тапсырма Конвенцияға қатысушы мемлекеттiң тиiстi сотының құжаттарды беру туралы тапсырмасымен бiрге берiлсе, сонда белгiленген тәртiпке сәйкес жасалады.
Құжаттарды беру кезiнде тапсырманы орындаушы Нұсқаулыққа қоса берiлген N 5 қосымшаға сәйкес, құжаттарды беру туралы растау қағазын толтырады.
Адресат құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырманы орындаушы құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы акт жазады, оған тапсырманы орындаушы қол қояды және ол әдiлет мекемесiнiң мөрiмен куәландырады.
Тармақ 10
10. Егер Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шарттар осы Нұсқаулықтың 6-9 тармақтарының ережелерiне ұқсамайтын тапсырмаларды орындау тәртiбi туралы арнайы ережелердi белгiлесе, соттар мен әдiлет мекемелерi осы арнайы ережелердi басшылыққа алуға тиiстi.
Тармақ 11
11. Тапсырмаларды орындағаннан кейiн қажеттi жадығаттар (жауап алу хаттамасы, құжаттарды тапсыру туралы растау қағазы, шығындар туралы анықтама және басқалар), егер халықаралық шартта құжаттарды жiберудiң өзгеше тәртiбi белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберiледi.
Тапсырмалардың орындалу дұрыстығын тексергеннен кейiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi құжаттарды сұрау салушы мемлекеттiң Әдiлет министрлiгiне жiбередi.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы соттары мен әдiлет мекемелерiнiң тапсырмаларында шетелдiк әдiлет мекемелерi (құқықтық көмек туралы шарттарға қатысты - N 2, N 3 және N 4 формулярлар) тапсырманы берушi соттың немесе әдiлет мекемесiнiң және тапсырма берiлген мекеменiң атауын, өтiнiштiң мазмұнын (құжатты беру, куәдан жауап алу, соттық қарауды жүргiзу, қойылған қолдың түпнұсқалылығын немесе құжат көшiрмесiнiң анықтығын куәландыру және т.с.с.), сондай-ақ тапсырманың мәнi бойынша қажеттi мәлiметтердi көрсетедi. Құжаттарды беру туралы тапсырмада құжат берiлуге тиiс адамның мекен-жайы және берiлетiн құжаттың анық атауы мiндеттi түрде көрсетiледi.
Тапсырмаға тиiстi түрде рәсiмделген құжаттар: соттық талқылау туралы хабарлама қағаз, талап қою арызының көшiрмелерi және т.с.с. қоса берiледi.
Егер Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шарттар осы тармақтың 1-абзацында жазылған ережелерден басқа, шетелдiк әдiлет мекемелерiне тапсырмалар жазу тәртiбi туралы арнайы ережелер белгiлесе, соттар мен әдiлет мекемелерi осы арнайы ережелердi басшылыққа алуға тиiс.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасымен жасаған құқықтық көмек туралы шарттары бар мемлекеттердiң соттар мен әдiлет мекемелерiне тапсырмалар iстi қарау күнiне дейiнгi 4 айдан кешiктiрiлмей, ал басқа шет мемлекеттердiң әдiлет мекемелерiне iстi қарау күнiне дейiнгi 6 айдан кешiктiрiлмей жiберiледi.
Тармақ 14
14. Бала асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық туралы iстерге байланысты құқықтық көмек туралы шарттар жасалған мемлекеттердiң әдiлет мекемелерiнiң тапсырмаларын Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының осы мәселелердi шешуге құзырлы мекемелерiне жiбередi.
Тапсырманы орындаған мекемеден алынған, тапсырманың орындалуын растайтын құжаттарды белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi шет мемлекетiне жiбередi.
Тармақ 15
15. Құқықтық көмек туралы шарттардың жағдайларына сәйкес, тиiстi шетелдiк соттардың жүргiзуiндегi iстер бойынша оларды сот шығындарынан босату туралы ауызша өтiнiшпен, тұратын жерiндегi сотқа жүгiнген Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн сот хаттамаға енгiзедi.
Жазбаша түрдегi өтiнiш өтiнiшпен берiлген құжаттармен бiрге (отбасылық жағдайы, еңбекақысы туралы анықтамамен және т.с.с.) және сот отырысының хаттамасы сот тапсырмаларын жолдауға көзделген тәртiпте шет мемлекеттiң әдiлет мекемесiне жiберiледi (осы Нұсқаулықтың 12-тармағы).
Тармақ 16
16. Сот шешiмдерiн және Қазақстан Республикасымен құқықтық көмек туралы шарт жасасқан мемлекеттердiң әдiлет мекемелерiнiң соларға теңестiрiлген актiлерiн Қазақстан Республикасының аумағында орындау туралы iздену өтiнiштерiн облыстық соттар қолданылып жүрген заңдарға, шарттарға сәйкес борышқор тұратын жерде қарайды.
Тармақ 17
17. Құқықтық көмек туралы шарттар жасалған мемлекеттердiң әдiлет мекемелерiне жолданған және шешiмдi енгiзген Қазақстан Республикасының сотына берiлген Қазақстан Республикасы соттарының шешiмдерi мен оларға теңестiрiлген актiлерiн шетелде орындау туралы өндiрiп алушылардың iздену өтiнiштерi осы мемлекеттердiң соттарына тапсырмалар жiберуге көзделген тәртiпте осы соттарға шетелге жiберiледi (осы Нұсқаулықтың 13-тармағы).
Тармақ 18
18. Өндiрiп алушының iздену өтiнiшiне бiрiншi сатының соты:
Тармақша а
а) материалдық зиянды өтеуге қатысты бөлiгiнде сот шешiмiнiң, оған теңестiрiлген актiнiң немесе үкiмнiң; (егер олар өндiрiп алуға жататын сомалардың мөлшерiн өзгертсе) ұйғарымның немесе қаулының куәландырылған көшiрмесiн, сондай-ақ, егер шешiм немесе үкiм бұрын Қазақстан Республикасының аумағында орындалса, оларды орындау туралы анықтаманы;
Тармақша б
б) егер жауапкер iстi қарау процесiне қатыспаған жағдайда, - оған сотқа шақырылу туралы хабарлама қағаздың уақытында және тиiстi нысанда берiлгендiгi көрсетiлетiн құжатты қоса бередi.
Егер өндiрiп алуға төленбеген сот шығындары, мемлекеттiк баж салығы жатса, iстi мәнi бойынша қараған сот осы шығындарды, мемлекеттiк баж салығын өндiрiп алу туралы өтiнiшпен осы Нұсқаулықта көзделген тәртiпте шетелдiк сотқа жүгiнедi.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасы жасаған құқықтық көмек туралы шарттың негiзiнде құқықтық көмек көрсетуге байланысты хат жазысуды Қазақстан Республикасының соттары мен әдiлет мекемелерi қазақ (орыс) тiлiнде жүргiзедi. Құжаттарды шет тiлiне аудару қажет болған (құқықтық көмек туралы шарттардың жағдайларына сәйкес) жағдайда, мұндай аударма Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде жасалады.
Тармақ 20
20. Құқықтық көмек көрсету тәртiбiнде соттар мен мекемелер жiберетiн барлық құжаттарға мөр басылуға тиiс. Олар белгiленген нысанда жасалуға, анық және айқын тiлмен жазылуға, басылуға, ұқыпты және жинақы рәсiмделуге тиiс. Құжаттардағы куәландыру жазбалары қазақ (орыс) тiлiнде орындалады және олар басылуға тиiс. Құжаттарды куәландыру кезiнде штамптарды пайдалануға жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасы жасаған құқықтық көмек туралы шарттардың негiзiнде құқықтық көмек көрсету кезiнде соттар мен әдiлет мекемелерi тиiстi екi тiлде формулярларды пайдалануға тиiс (N 1 қосымша).
21. Шет мемлекеттерде қолданылып жүрген немесе қолданылған мәлiметтердi алу қажеттiлiгi жағдайында соттар мен әдiлет мекемелерi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүгiнедi, ол қажет болған кезде белгiленген тәртiпте шет мемлекеттердiң тиiстi мекемелерiнен сұрау жасайды. N 1 қосымша Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 1 қаңтарға дейiн:
а) Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы: Монғолиямен (1993 жылғы 22 қазан) ҚХР (1993 жылғы 14 қаңтар) Түркиямен (1995 жылғы 13 тамыз) Қырғыз Республикасымен (1996 жылғы 26 тамыз) екi жақты шарттар;
б) Қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту үшiн немесе үкiмдi орындауға келтiру үшiн оларды ұстап беру туралы: Монғолиямен (1993 жылғы 22 қазан) ҚХР (1996 жылғы 5 маусым) екi жақты шарттар жасасты.
N 2 қосымша
ҚҰЖАТТЫ БЕРУ ТУРАЛЫ ТАПСЫРМА ______________________________________________________________________
(жiберiлетiн тапсырманың күнi мен нөмiрi)
______________________________________________________________________
(жауапта осы нөмiр мен күнге сiлтеме жасалсын)
______________________________________________________________________
(тапсырманың жазылу орны)
______________________________________________________________________
(тапсырманы жiберген мекеменiң атауы)
______________________________________________________________________
(шарттың атауы)
______________________________________________________________________ ______________________________________________________________
сәйкес ______________________________________________________________________
(тапсырманы жiберген мекеменiң атауы)
______________________________________________________________________
(тапсырма жiберiлген мекеменiң атауы) азамат
_______________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, азаматтығы, дұрыс мекен-жайы)
____________________________________________________________
тапсыруды (берiлуге жататын құжаттың анық атауы) және құжатты
беру туралы растау қағазын қайтаруды сұрайды.
Бұл құжатты __________________________________________________________
(iстiң атауы, қылмыс құрамының сипаттамасы
_____________________________________________________________________
және оның сараламасы) байланысты жасау қажет. талапкердiң
__________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жауапкердiң __________________________________________________________
______________________________________________________________________
айыпталушының ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
сотталушының _________________________________________________________
______________________________________________________________________
тегi, азаматтығы, жұмысы, тұрақты тұратын немесе болатын жерi, Олардың өкiлеттенген
адамдарының тектерi мен мекен-жайлары ___________
______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________
Құжаттарды: Сiздердiң мемлекеттерiңiздiң заңдарында көзделген тәртiпте, егер
алушы оларды өз еркiмен алуға келiссе, оған беру жолымен берудi сұраймыз.
Беруге жататын құжаттардың куәландырылған аудармасы қоса берiлiп отыр
(қоса берiлiп отырған жоқ). Бұл тапсырманы орындау мүмкiн болмаған жағдайда,
оны орындауға кедергi болған жағдайлар туралы хабарлауды және беруге жататын
құжаттарды қайтаруды сұраймыз.
Мөр Қолы
N 3 қосымша
ЖЕКЕ IС ЖҮРГIЗУШIЛIК ӘРЕКЕТТЕРДI ЖҮРГIЗУ ТУРАЛЫ ТАПСЫРМА ______________________________________________________________________
(жiберiлетiн тапсырманың күнi, нөмiрi)
______________________________________________________________________
(жауапта осы нөмiр мен күнге сiлтеме жасалсын)
_____________________________________________________________________
(тапсырманың жазылу орны)
______________________________________________________________________
(тапсырманы жiберген мекеменiң атауы)
______________________________________________________________________
(тапсырма жiберiлген мекеменiң атауы)
_______________________________________________________________
сәйкес (шарттың атауы)
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(тапсырманы жiберген мекеменiң атауы) жеке iс жүргiзу әрекеттерiн
__________________________________________
(қандай әрекеттердiң және қандай
______________________________________________________________________
адамдарға қатысты жасалуға тиiстi екендiгi көрсетiлсiн) орындау туралы өтiнiшпен
_____________________________________________
(тапсырма жiберiлген мекеменiң атауы) жүгiнсiн.
Аталған iс жүргiзушiлiк әрекеттердi орындау __________________________
(iстiң атауы, _________________________________________________________
iстi қарауға қылмыс құрамының сипаттамасы және оның сараламасы) байланысты қажет.
Талапкердiң __________________________________________________________
______________________________________________________________________
жауапкердiң __________________________________________________________
______________________________________________________________________
айыпталушының ________________________________________________________
______________________________________________________________________
сотталушының _________________________________________________________
______________________________________________________________________
сотталған адамның ____________________________________________________
______________________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты, азаматтығы, жұмысы, тұрақты тұратын немесе болатын жерi ______________________________________________________________________
(олардың өкiлеттенген адамдарының тектерi, аттары, әкелерiнiң _____________________________________________________________________
аттары және мекен-жайлары)
______________________________________________________________________
Жауап алынуға тиiстi адамдардың тектерi мен мекен-жайлары ____________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________
Қандай жағдайларға байланысты олардан жауап алынуға тиiс және оларға қойылуға тиiстi сұрақтар ______________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Басқа iс жүргiзушiлiк әрекеттердi жасау кезiнде анықталуға тиiс жағдайлар ____________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(тапсырманы жiберген мекеменiң атауы) тапсырманы орындауға байланысты шыққан
шығындар туралы хабарлауды және осы тапсырмаға байланысты жазылған хаттамалар
мен басқа құжаттарды жiберудi сұрайды. Осы тапсырманы орындау мүмкiн болмаған
жағдайда тапсырманың орындалуына кедергi болған жағдайлар туралы хабарлауды өтiнемiз.
Мөр Қолы
N 4 қосымша
ЖЕКЕ IС ЖҮРГIЗУ ӘРЕКЕТIН ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ
(ҚҰЖАТТАРДЫ БЕРУ ТУРАЛЫ) ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
______________________________________________________________________
(тапсырма жiберiлген мекеме актiсiнiң орны, күнi және нөмiрi) ______________________________________________________________________
(тапсырма жiберiлген мекеменiң атауы)
_____________________________________________________________________
(тапсырма жiберген органның атауы)
_____________________________________________________________________
(тапсырма жiберген мекеме актiсiнiң нөмiрi)
_____________________________________________________________________
(шарттың атауы)
______________________________________________________________________
_______________________________________________________________
сәйкес iс жүргiзу әрекетiн жасау туралы (құжаттарды беру туралы) тапсырманың негiзiнде
________________________________________________
______________________________________________________________________
(тапсырма жiберiлген мекеменiң атауы) қосымшада iс жүргiзу әрекетiн жасау туралы
хаттама (құжаттарды беру туралы растама хат) жолдап отыр
_____________________________________________________________________
(тапсырма жiберiлген мекеменiң атауы)
______________________________________________________________________
(тапсырма жiберген мекеменiң атауы)
____________________________________________________ туралы тапсырманы
(iс жүргiзу әрекетi құжаттарды беру)
______________________________________________________________________
___________________ байланысты орындау мүмкiн болмағандығын хабарлайды
______________________________________________________баптарына сәйкес
(шарттың атауы) осы тапсырманы орындауға байланысты шығындардың
______________________ ________________________________________
болғандығын туралы хабарлаймыз (шығындардың сомасы көрсетiледi)
Мөрi Қолы
N 5 қосымша
ҚҰЖАТТАРДЫ БЕРУ ТУРАЛЫ РАСТАМА ҚАҒАЗ
______________________________________________________________________
(құжатты берудi жүзеге асырған соттың толық атауы) iстiң
N ______________________________________________________________
_______________________ тiлiне аударылған, аударылмаған ______ беттегi құжаттың атауы
_______________________________________________________
Алушының тегi, аты, әкесiнiң аты және мекен-жайы _____________________
______________________________________________________________________
Алушының қолы немесе тапсырмау себептерi туралы хабарлама ____________ ______________________________________________________________________
Құжатты тапсырған немесе оны тапсырмау туралы хабарлама жасаған адамның
қызметтiк жағдайы мен қолы. Мөр