О полномочиях наблюдателей иностранных государств и международных организаций, общественных объединений, доверенных лиц кандидатов в депутаты, а также представителей средств массовой информации на выборах депутатов Парламента Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлдiктерi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 40, 42-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары туралы Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Сайлау комиссиялары шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң байқаушыларымен, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiмен жұмыста осы Ережелердi басшылыққа алатын болсын.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары туралы ЕРЕЖЕ
N 1 Қосымша Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын тiркеу тәртiбi
I. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын тiркеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Байқаушылар Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жанында тiркеледi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша өз мәжiлiсiнде тиiстi шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын тiркеу туралы шешiм қабылдайды. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2 абзацы алынып тасталды - ҚР Орталық    сайлау комиссиясының 1997.08.18. N 15/93   қаулысымен .
Тармақ 3
3. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.
Тарау ii. II. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының өкiлеттiктерi
II. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Байқаушылар: - әрбiр учаскедегi, пункттегi дауыс беруге арналған учаскелер мен пункттердiң ашылуына қатысуға; - сайлау күнi сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте болуға; - сайлау күнi сайлау комиссиясының мәжiлiстерiне қатысуға; - дауыс санау барысын, сондай-ақ сайлау учаскесiндегi, пунктiндегi дауыс беру нәтижелерiн анықтауды қадағалауға құқықты.
Тарау iii. III. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары қызметiн қамтамасыз ету
III. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары қызметiн қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Байқаушылар Қазақстан Республикасы аумағында жүрген кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қамқорлығында (қорғалуында) болады.
Тармақ 2
2. Байқаушылар қызметiн материалдық-қаржылық қамтамасыз ету байқаушылар жiберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Байқаушылардың өз мiндеттерiн орындауы кезеңiнде тиiстi сайлау комиссиялары мен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi оларға қажеттi көмек көрсетiп отырады.
Тарау iv. IV. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының жауапкершiлiгi
IV. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 40, 42-баптарына сәйкес байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.
Тармақ 2
2. Байқаушылар Қазақстан Республикасы заңдарын немесе халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қалыптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы оларды тiркеудi қайтарып алуға құқылы. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы ЕРЕЖЕ
N 2 қосымша Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларын тiркеу тәртiбi
I. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларын тiркеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушылары қоғамдық бiрлестiктердiң республикалық және аумақтық бiрлестiктерiнiң ұсынуы бойынша аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары жанында тiркеледi.
Тармақ 2
2. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларын тiркеу туралы шешiм тиiстi аумақтық және округтiк комиссияларының мәжiлiсiнде қабылданады. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2 абзацы алынып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 1997.08.18. N 15/93  қаулысымен .
Тармақ 3
3. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн тиiстi сайлау комиссиясы белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Тиiстi сайлау комиссиялары қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiне белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.
Тармақ 5
5. Әрбiр сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық бiрлестiктердiң әрқайсысынан бiр-бiрден ғана байқаушы қатыса алады.
Тарау ii. II. Парламент депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының өкiлеттiктерi
II. Парламент депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары: - дауыс беруге арналған учаскелер мен пункттердi ашқан кезде әр учаскеде, пунктте қатысуға; - сайлау күнi сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте болуға; - сайлау күнi сайлау комиссияларының мәжiлiстерiне қатысуға; - сайлау учаскесiндегi, пунктiндегi дауыстарды санау барысын, сондай-ақ дауыс беру нәтижелерiн анықтауды байқауға хақылы.
Тармақ 2
2. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.
Тарау iii. III. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының жауапкершiлiгi
III. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының жауапкершiлiгi Тиiстi сайлау комиссиялары қоғамдық бiрлестiктердiң байқаушылары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда тiркеудi қайтарып алуға хақылы.
Тарау iv. IV. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi туралы
IV. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi туралы Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiне куәлiгi және редакцияның тапсырмасы болған жағдайда сайлауды өткiзуге байланысты шараларға қатысуға кепiлдiк берiледi. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы