О признании утратившими силу некоторых решений Экибастузского городского маслихата Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 3. Екібастұз қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 310/39 шешіміне қосымша Екібастұз қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы» Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 302/35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6138 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы «Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы» № 302/35 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 498/64 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7188 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 499/64 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7192 болып тіркелген).