Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста
Басқа 0
Жер учаскесіне қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауылы, Әуелбеков көшесі, жалпы ауданы 0,0004 гектар, кәрізге (септикке) қызмет көрсету үшін 49 жыл мерзімге орналасқан жер учаскесіне Ломако Людмила Григорьевнаның жария сервитуты белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.