Об утверждении размера тарифов за услуги, предоставляемые коммунальным государственным казенным предприятием «Алматинский зоологический парк» Управления культуры города Алматы в особо охраняемых природных территориях Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтері үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 156-бабының 2-тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтері үшін тарифтер мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының көрсететін қызметтері үшін тарифтер мөлшері
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «____» _________ № _____ қаулысына қосымша Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының көрсететін қызметтері үшін тарифтер мөлшері № Қызмет атауы Өлшем бірлігі Пайдалану уақыты Тариф мөлшері Ескерту 1 Көру алаңдарын ұсыну (экспозициялық аймақ) 1 билет 1 күн 0,33 АЕК жеті жастан он екі жасқа дейінгі балаларға-0,13 АЕК Экскурсия 1 билет 1 сағ 300 теңге бір адамға Ескерту: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны тиісті құжаттарын ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының келесі азаматтарына қызметті тегін ұсынады: - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктері бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға; - мүгедектігі бар адамдарға; - мүгедектер арбашасымен жүрген мүгедектігі бар адамға, көзі көрмейтін мүгедектігі бар адамға, жасы 18-ге толмаған мүгедектігі бар балаға еріп жүрген адамға; - жасы бойынша зейнеткерлерге; - көпбалалы аналарға және олардың 16 жасқа толмаған балаларына; - жеті жасқа дейінгі балаларға; - жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он сегіз жасқа толмаған балаларға; - мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, әскери академиялардың курсанттарына.