Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по Баянаульскому району Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Баянауыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Баянауыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері, хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін..
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.