О временном порядке использования средств, полученных от продажи государственного пакета акций Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан алынған қаражатты уақытша пайдалану тәртiбi туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.1996 № 507 қаулысымен. Мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан түскен қаражатты тиiмдi пайдалану, инвестициялық саясатты белсендi жүргiзу және жекешелендiру процестерiне байланысты әлеуметтiк мәселелердi шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан алынған ақша қаражаттары сауда жасау бойынша шығыстарды жапқаннан кейiн, 2-тармақта көрсетiлгендердi қоспағанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң шотына толық көлемiнде есептеледi және сауда жасағаннан кейiн тiкелей мынадай бағыттарға бөлiнедi: 40 процент мөлшерiнде қаражат жалпыұлттық әлеуметтiк және өзге де мiндеттердi шешу үшiн мемлекеттiк бюджетке берiледi; 30 процент мөлшердегi қаражат жекешелендiрiлген акционерлiк қоғам қызметкерлерiнiң босағандарына бiржолғы жәрдемақы төлеу үшiн, сондай-ақ жекешелендiрiлген кәсiпорындардың балансынан алынған әлеуметтiк сфералардың объектiлерiн қолдау және аймақтың басқа да әлеуметтiк мiндеттерiн шешу үшiн жергiлiктi бюджетке берiледi.
Тармақ 2
2. Сатудан түскен қаражаттың 30 процентi даму, қайта жаңарту бағдарламаларын және жаңа технологиялар енгiзудi қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ өзге де мақсаттар үшiн акциялар пакетi сатылған акционерлiк қоғамның шотына тiкелей аударылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай iшiнде Мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан түскен ақша қаражатын пайдалану тәртiбiнiң Уақытша ережесiн бекiтсiн.