«О создании коммунального государственного учреждения «Отделение социальной помощи на дому Каркаралинского района» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района» Қолданыста
Басқа 0
«Қарқаралы ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Қарқаралы ауданының үйде
әлеуметтік көмек көрсету
бөлімшесі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №230 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметтінің қағидаларының» 2-1-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарқаралы ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарқаралы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлімше) құрылсын.
Тармақ 2
2. Бөлімшесінің уәкілетті органы «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қарқаралы ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөлімшенің Жарғысын бекіту;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімшені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
«Қарқаралы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Қарқаралы аудан әкімдігінің
_____ жылғы «___» _________
№___________қаулысымен
Бекітілген
Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
«Қарқаралы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарқаралы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлімшесі) Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған тұлғаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімшесі _____ жылғы «___»____________ №____ Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылды.
Тармақ 3
3. Бөлімшесінің құрылтайшысы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 4
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ Бөлімшесіне байланысты Бөлімшесінің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 5
5. Бөлімшесінің толық атауы :
мемлекеттік тілде: «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлелекеттік мекемесі»;
орыс тілінде: «Коммунальное государственное учреждение «Отделение социальной помощи на дому» отдела занятости и социальных программ Каркаралинского района».
Тармақ 6
6. Бөлімшесінің тұрған жері: 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі 14.
Тарау 2. 2. Бөлімшесінің заңдық мәртебесі
2. Бөлімшесінің заңдық мәртебесі
Тармақ 7
7. Бөлімшесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Бөлімшесінің атауы жазылған мөрі болады.
Тармақ 8
8. Бөлімшесінің басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 9
9. Бөлімшесі өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Бөлімшесі ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 10
10. Бөлімшесінің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Бөлімшесінің қызметінің мәні мен қызметтері
3. Бөлімшесінің қызметінің мәні мен қызметтері
Тармақ 11
11. Бөлімшесінің қызметінің мәні балалар мен мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлік жасқа толған, өзін-өзі күтуге қабілетсіз және денсаулық жағдайына байланысты үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қажет ететін қарт адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.
Тармақ 12
12. Бөлімшесі қызметінің мақсаты «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге жәрдемдеседі.
Тармақ 13
13. Бөлімшесі мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін арттыруға бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
Тармақша 2
2) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
Тармақша 3
3) қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
Тармақша 4
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қажеттілікті бағалау және айқындау;
Тармақша 5
5) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
Тармақша 6
6) қалыпты әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) Стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызметтерді алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
Тармақша 8
8) Стандартқа сәйкес үйде қызметтер көрсету жағдайындағы ұйымдармен балалар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар үшін сабақтар өткізу ұзақтығын қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысты жүргізу;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі өзге де шараларды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Бөлімшесіне осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: тиісті саланың уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4. Бөлімшесіні басқару
4. Бөлімшесіні басқару
Тармақ 16
16. Бөлімшесіні жалпы басқаруды «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Бөлімшесінің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 2
2) Бөлімшесі үлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Бөлімшесінің құрылымын, құрылуы тәртібі мен шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 4
4) Бөлімшесі басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 5
5) Бөлімшесінің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 6
6) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Бөлімшені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Бөлімшесінің басшысын «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 19
19. Бөлімшесінің басшысы Бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және Бөлімшесіне жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 20
20. Бөлімшесінің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Бөлімшесі қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 21
21. Бөлімшесі басшысының Бөлімшесімен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 22
22. Бөлімшесі қызметінің жүзеге асыруы барысы Бөлімшесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Бөлімшесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімшесінің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) Бөлімшесінің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Бөлімшесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) Бөлімшесінің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
Тармақша 10
10) Бөлімшесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Бөлімшесінің мүлкінің құрылу тәртібі
5. Бөлімшесінің мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 23
23. Бөлімшесінің мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Бөлімшесінің мүлкі мыналардың:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржык өздере себінен құрылады.
Тармақ 24
24. Бөлімшесі дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
Тармақ 25
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Бөлімшесіне кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Бөлімшесінің қызметі Қарағанды облысы Осакаров ауданының бюджетінен қаржыландырады.
Тармақ 27
27. Бөлімшесінің бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 28
28. Бөлімшесінің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тарау 6. 6 - тарау. Бөлімшесінің жұмыс тәртібі
6 - тарау. Бөлімшесінің жұмыс тәртібі
Тармақ 29
29. Бөлімшесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7 - тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізі тәртібі
7 - тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізі тәртібі
Тармақ 30
30. Бөлімшесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарқаралы ауданының әкімі аппараты шешімі бойынша жүзеге асырылады жәңе «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімімен өтеді.
Тарау 8. 8 - тарау. Бөлімшесіні қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8 - тарау. Бөлімшесіні қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 31
31. Бөлімшесіні қайта ұйымдастыру және тарату Қарқаралы ауданының әкімдігі жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекемені мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органы қайта бөледі.
Тармақ 33
33. Таратылған Бөлімшесінің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.