О присвоении наименования улиц сел Сумбе, Шошанай Сумбинского сельского округа Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сүмбе ауылдық округі Сүмбе, Шошанай ауылдарының көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сүмбе ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай екінші көшені – Күрішбек Көжекбайұлы көшесі, шығыстан батысқа қарай бесінші көшені – Байжұма Сарбасов көшесі, шығыстан батысқа қарай сегізінші көшені – Ағожа Нүкеев көшесі, шығыстан батысқа қарай тоғызыншы көшені – Шаяхмет Абеков көшесі, Шошанай ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай төртінші көшені – Дүйсен Демесінов көшесі деп аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.