Об установлении публичного сервитута Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № KZ91VBG01696289 «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жер учаскелерін қалыптастырудың жерге орналастыру жобаларын бұйрығы туралы және жерге орналастыру жобасын бекіту негізінде, Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Сұлукөл ауылдық округі, Юльев ауылының аумағында орналасқан, ауданы – 0,4826 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне су құбырларының жүйелеріне қызмет көрсету және пайдалану үшін сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) Осы шешімді Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін «Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақша 4
4) Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.