Об утверждении Единой программы поддержки малого бизнеса «Іскер аймақ» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы Мемлекет басшысының 2025 жылғы 5 желтоқсанда «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын, сондай-ақ «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтылған Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын шұғыл қабылдау туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 3-тармағына және 96-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары;
Тармақша 3
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысына 1-қосымша Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
Бөлім 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және шағын бизнес субъектілерінің жобалары бойынша субсидия беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар шеңберінде кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің/тауарларға үстемеақының және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) банк-төлем агенті – лизинг компаниясының қаржы агенттігімен келісілген және лизинг компаниясының жобалар бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;
Тармақша 2
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 3
3) жобаны іске асыру – кәсіпкер жүзеге асыратын және қаржы институтының шешімінде айқындалған мақсаттар мен шарттарға қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде шығатын тауардың бар-жоғы, қызметтер көрсету, лизинг нысанасын пайдалану; негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) салуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) реконструкциялауға және (немесе) күрделі жөндеуге мақұлданған жобалар бойынша – қаржы институтының шешіміне сәйкес кәсіпкердің мәлімделген қызметті жүзеге асыруы және объектіні пайдалануға қабылдау актісінің болуы;
Тармақша 4
4) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын және микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғалар;
Тармақша 5
5) қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор);
Тармақша 6
6) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – қызметін өзіне қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
Тармақша 7
7) қаржы институты – екінші деңгейдегі банк/лизинг компаниясы/ислам банкі/ислам лизинг компаниясы;
Тармақша 8
8) қаржы құралын мақсатқа сай пайдалану – шарт бойынша алынған кредитті кәсіпкердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (қаржы құралын мақсатқа сай пайдалану кәсіпкердің төлем жүргізгенін, активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде алғанын және пайдаланғанын және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес басқа да мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);
Тармақша 9
9) Қордың уәкілетті органы – қаржы агенттігінің тұрақты жұмыс істейтін, қаржы агенттігінің уәкілетті органының құзыреті мен өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқығы бар алқалы органы;
Тармақша 10
10) өңірлік үйлестіруші – кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 11
11) субсидиялар – банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты/ қаржыландыру шарты/ислам лизингі шарты (бұдан әрі – шарт) негізінде кредиттер/лизингтік мәмілелер/қаржыландыру (бұдан әрі – қаржы құралы) бойынша кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы институтына қаржы агенттігі төлейтін өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі мерзімді төлемдер;
Тармақша 12
12) уәкілетті орган – Кодекстің 85-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 13-тармағының 17) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.
Тармақ 4
4. Субсидиялау жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте республикалық бюджет қаражаты былайша бөлінеді:
Тармақша 1
1) бюджет қаражатының 70 %-ы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген облыстарды, Алматы және Астана қалаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде іске асырылатын жобаларды субсидиялауға жіберіледі;
Тармақша 2
2) бюджет қаражатының 30 %-ы Абай, Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері мен стратегиялық даму міндеттері ескеріліп оларда іске асырылатын жобаларды субсидиялауға жұмсалады. Ұлытау, Абай, Жетісу, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында субсидиялауға бөлінген қаражат толық игерілмеген жағдайда пайдаланылмаған қаражатты қаржы агенттігінің уәкілетті органмен келісу бойынша көрсетілген облыстар арасында не қажеттілік пен жобаларды іске асыруға әзірлікті ескере отырып, Қазақстан Республикасының өзге де облыстарына қайта бөлуіне жол беріледі. Республикалық бюджет есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына аударуға жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігіне аударады. Өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджет есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекітетін субсидиялауға қаражат аударуға жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады. Қаржы институты қаржы агенттігіне субсидия сомаларын аудару үшін ағымдағы шот ашады. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ қаржы институттары қаржы агенттігімен келісу бойынша қаржы институты субсидия аудару үшін ағымдағы шот ашатын банк-төлем агентін айқындайды. Қаражатты қайта бөлу осы Қағидаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және бюджет қаражатының игерілмеуіне жол бермеу мақсатында ғана жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен субсидиялауға қаражат жеткіліксіз болған кезде өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін қосымша қаражат бөлуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Қаржы агенттігі субсидия алған жобалар бойынша тиімділіктің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін (бұдан әрі – есеп) қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылдың шілдесінен кешіктірмей есеп нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган қаржы агенттігімен жасалатын тиісті шарт негізінде оған республикалық бюджет қаражаты есебінен осы Қағидалар шеңберінде қызметтер ұсынғанына ақы төлейді.
Тармақ 7
7. Қаржы құралдары ұлттық валютада (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылған жағдайда цифрлық теңгені қоса алғанда) беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі
2-тарау. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Субсидия беру шарттары
1-параграф. Субсидия беру шарттары
Тармақ 8
8. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі бойынша, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген экономика салаларына рейтинг беру әдістемесі бойынша жергілікті атқарушы органдар айқындаған экономикалық қызмет түрінде және уәкілетті органмен келісу бойынша өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер осы Қағидалардың 7, 55 және 56-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтауы шартымен субсидиялауға қатысушы болады. Жергілікті атқарушы органдар айқындаған және уәкілетті органмен келісілген экономика секторларының тізбесін уәкілетті орган қаржы агенттігіне ресми құжат айналымы тәртібімен береді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы және «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жобалар басым бағыттарға жатады және субсидия алуға өтініш берген кезде бірінші кезекте (басымдықпен) қаралады. Осы Қағидалар шеңберінде қолдау алған кәсіпкерлерге кепілдік қоры шеңберінде кепілдік беруге және олардың «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы басқармасының 2025 жылғы 29 қазандағы шешімімен бекітілген «Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын жаңғыртуды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның шартты лизингілік қаржыландыруының шарттары» бағдарламасы шеңберінде қолдау алуына жол беріледі.
Тармақ 9
9. Субсидиялау инвестицияға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған тиімді жаңа жобаларды іске асыру үшін қаржы институты беретін жаңа қаржы құралдары бойынша жүзеге асырылады. Инвестиция деп негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу және (немесе) жаңғырту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес/материалдық активтерді сатып алу (осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты ақы төлеу шоттарына сәйкес негізгі құралдардың/биологиялық/ материалдық/материалдық емес активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияға жатады). Айналым қаражатын толықтыру деп қаржы құралын кәсіпкердің өзінің операциялық (ағымдағы) қызметін жаңартылатын/жаңартылмайтын негізде қамтамасыз етумен байланысты пайдалануы түсініледі және салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеу бұған кірмейді. Тиімді жаңа жобалар деп кәсіпкерлердің мынадай талаптарға сәйкес келетін жобалары түсініледі: инвестициялық мақсаттарға: қолдау алған жылдан кейінгі 2 (екі) қаржы жылының қорытындысы бойынша кредиттің әрбір 100 (жүз) миллион теңгесіне жаңа жұмыс орындарын, бірақ әрбір жоба бойынша кемінде бір жұмыс орнының құрылуы; субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін бір қаржы жылының қорытындысы бойынша және жыл сайын кірістің жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес деңгейде міндетті түрде ұлғаюы; айналым қаражатын толықтыруға: субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін бір қаржы жылының қорытындысы бойынша және жыл сайын кіріс пен еңбекақы төлеу қорының жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес деңгейде міндетті түрде ұлғаюы. Тиімділік көрсеткіштерін есептеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері және (немесе) бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді-көшірмеге сәйкес деректер пайдаланылады. Бұл ретте тиімділік көрсеткіштерін есептеген кезде субсидиялаудың қай күні басталғанына қарамастан, келесі қаржы жылының басталуы есептік күн болып табылады. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.
Тармақ 10
10. Бұған дейін қаржы агенттігіне шарттың немесе төлем графигінің көшірмелері немесе шарт бойынша деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген күнге дейінгі 12 (он екі) ай ішінде қаржы институты берген жаңа қаржы құралдары да субсидияланады.
Тармақ 11
11. Субсидияланатын қаржы құралының сомасы субсидиялау жүзеге асырылатын, оның ішінде онымен үлестес тұлғалар/компаниялар бойынша қолданыстағы қаржы құралдарының бәрін есепке алғанда бір кәсіпкер үшін 200 (екі жүз) миллион теңгеден аспайды. Бұл ретте қаржы институты мәміле периметріне кіретін және қаржы институтының уәкілетті органдарының материалдары мен шешімдерінде көрсетілген барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді есепке алуды қамтамасыз етеді. 200 (екі жүз) миллион теңге болатын жиынтық лимитті есептеу қарыз алушыға және қаржы институты айқындаған онымен үлестес тұлғаларға қатысты субсидиялау жүргізілетін қаржы құралдарының жиынтық көлемі негізге алынып жүзеге асырылады. Негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелсе, осы Қағидаларда белгіленген сома шегінде жаңа қаржы құралдарын қайта алуға жол беріледі.
Тармақ 12
12. Субсидиялау номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) белгілеген және 4 (төрт) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден тұратын қаржы құралы бойынша жүзеге асырылады. Субсидиялау мөлшері номиналды мөлшерлеменің 40 %-ын құрайды, номиналды мөлшерлемеден айырманы кәсіпкер төлейді, бұл ретте кәсіпкер үшін мөлшерлеме кемінде 12,6 %-ды құрайды. ҚР ҰБ белгілеген базалық мөлшерлеме 17 %-дан төмендеген жағдайда кәсіпкер төлейтін мөлшерлеме 12,6 % деп белгіленеді, ал айырмасын қаржы агенттігі субсидиялайды. Номиналды мөлшерлемені есептеген кезде ҚР ҰБ белгілеген және кәсіпкердің жобасы бойынша қаржы институты шешім шығарған сәтте қолданыста болған базалық мөлшерлеме ескеріледі.
Тармақ 13
13. Қаржы құралы бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды.
Тармақ 14
14. Қаржы институты:
Тармақша 1
1) шарттардың кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты болған;
Тармақша 2
2) кәсіпкердің қаржы құралы бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;
Тармақша 3
3) тәуелсіз бағалау, сақтандыру жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты жоюға байланысты болған;
Тармақша 4
4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, осы Қағидалар шеңберінде субсидия берілетін қаржы құралдары бойынша қандай да бір комиссия, алым және (немесе) өзге де төлем (бұдан әрі – комиссия) алмайды. Бұған дейін қаржы агенттігіне шарт көшірмесі жіберілген күнге дейінгі 12 (он екі) ай ішінде беріліп, ол бойынша қаржы институты субсидия басталғанға дейін осы Қағидалардың осы тармағында көзделмеген комиссияларды ұстап қалған қаржы құралы субсидияланған жағдайда қаржы институты субсидиялау басталған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге ұстап қалынған комиссияларды өтейді.
Тармақ 15
15. Субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімі субсидиялау басталған күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспауға тиіс. Мынадай:
Тармақша 1
1) жобаның орындалуына әсерін тигізетін табиғи апат, соғыс, эпидемия сияқты форс-мажорлық мән-жайлар;
Тармақша 2
2) жобаны іске асыру басталған кезде болжау мүмкін болмаған және бейімделу үшін қосымша уақытты талап ететін заңнамадағы елеулі өзгерістер;
Тармақша 3
3) жобаны іске асыру процесінде туындаған техникалық, экономикалық немесе өндірістік қиындықтардың субсидия алатын кәсіпкер тарапынан атүсті қарау немесе немқұрайлылық нәтижесі болмауы шартымен осы қиындықтарға байланысты күтпеген мән-жайлар орын алған кезде осы Қағидаларда белгіленген мерзім өткеннен кейін 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Қаржы институтына арналған лимитті айқындау
2-параграф. Қаржы институтына арналған лимитті айқындау
Тармақ 16
16. Қаржы институттарына арналған лимиттерді Қордың уәкілетті органы жыл сайын бекітеді. Бұл ретте Қордың уәкілетті органының қаржы институттарына арналған лимиттерді жыл ішінде қайта қарауына жол беріледі.
Тармақ 17
17. Лимит бөлуге қатысу үшін қаржы институты мына талаптарға сай болады:
Тармақша 1
1) ҚР ҰБ-ның пруденциалдық және өзге де нормативтерін орындау;
Тармақша 2
2) қаржы агенттігінің басқару органы бекітетін ішкі құжаттарға сәйкестік.
Тармақ 18
18. Қатысушы лизинг компанияларына қойылатын ең төмен талаптар, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) соңғы есепті кезең күніндегі жағдай бойынша лизинг компаниясының меншікті капиталы 1 (бір) миллиард теңгеден төмен болмай, оның қаржылық есептілікпен расталуы;
Тармақша 2
2) негізгі қызметтің өтінім беретін жылдың алдында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырылуы.
Тармақ 19
19. Лимит айқындалғаннан кейін қаржы институты мен қаржы агенттігі арасында субсидиялау туралы келісім жасалады, онда мыналар:
Тармақша 1
1) лимиттерді игеру мерзімдері;
Тармақша 2
2) субсидия төлеу тәртібі;
Тармақша 3
3) жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) босаған лимиттерді субсидиялау тоқтатылған жобалар арасында қайта бөлу шарттары (қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау/жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуі) көрсетіледі. Өзге шарттар тараптардың субсидиялау туралы келісуі бойынша айқындалады және жазбаша нысанда ресімделеді.
Тармақ 20
20. Субсидиялау үшін жергілікті/республикалық бюджет қаражаты болмаған жағдайда қаржы институтынан қаржы құралдары бойынша шарт қабылданбайды.
Тармақ 3. 3-параграф. Субсидия беру тәртібі
3-параграф. Субсидия беру тәртібі
Тармақ 21
21. Кәсіпкер қаржы институтына қаржы құралын ұсыну туралы өтініммен жүгінеді.
Тармақ 22
22. Қаржы институты жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. Көрсетілген бағалау/сараптама аяқталғаннан кейін қаржы институты қаржы агенттігінің филиалдарына кәсіпкердің өтінімі бойынша Қордың уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша келісу үшін чек-парақ жібереді. Қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған чек-парақ негізінде кәсіпкердің өтінімін келісуді жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Қаржы агенттігінің филиалы чек-парақта көрсетілген мәліметтердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмейтінін анықтаған жағдайда қаржы агенттігі чек-парақты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы институтына ескертулерді жою үшін дәлелді бас тарту не кәсіпкерге субсидия беруден бас тарту жібереді.
Тармақ 24
24. Субсидиялағанға дейін қаржы институты қолданыстағы қаржы құралы бойынша кәсіпкердің шартта көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады.
Тармақ 25
25. Қаржы институты қаржы құралын беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, сондай-ақ қаржы агенттігінің келісімін жазбаша түрде алғаннан кейін және субсидиялау шеңберінде шарт жасасқаннан кейін қаржы институты қаржы агенттігіне:
Тармақша 1
1) шарттың не төлем графигінің көшірмесін немесе қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне шарт бойынша деректерді береді. Бұл ретте ұсынылатын құжаттарда субсидиялау мерзімінің басталуы қаржы агенттігіне жіберілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай белгіленеді;
Тармақша 2
2) Қордың уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша хабарлама-хат (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама-хат талап етілмейді);
Тармақша 3
3) Қордың уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша кәсіпкердің өтінімі бойынша чек-парақ береді.
Тармақ 26
26. Шартқа қол қойған кезде кәсіпкер өзіне қаржы құралын мақсатқа сай пайдалану бойынша және (немесе) жобаның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан міндеттеме қабылдайды. Кәсіпкер осы міндеттемелерді орындамаса субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер төленген субсидия сомасын қаржы агенттігіне өтейді.
Тармақ 27
27. Шартқа қол қойылуына қарай қаржы институты қаржы агенттігіне осы Қағидалардың 25-тармағын ескеріп, төлемдерді жүзеге асыру үшін құжаттар топтамасын ұсынады.
Тармақ 28
28. Жобалар бойынша субсидия тиісті өңірлік үйлестірушіден/уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді. Бюджетте субсидиялауға қаражат болмаған жағдайда субсидияланатын және субсидияланбайтын бөліктерін кәсіпкер төлейді. Бюджет қаражаты түскен кезде қаржы агенттігі субсидияланатын бөлігін төлем графигіне сәйкес кәсіпкерге өтейді.
Тармақ 29
29. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялардың өтелуін ескере отырып, қаржы институтының/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына қаржы институты берген шарттың төлем графигіне сәйкес ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады. Қаржы институты алынатын субсидия сомасын осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып өзі есептейді. Қаржы агенттігі көрсетілген есеп-қисаптарды тексеруді жүзеге асырмайды. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударумен бір мезгілде қаржы агенттігі қаражатты аудару туралы құжаттың көшірмесін электрондық поштамен жіберу арқылы қаржы институтын хабардар етеді. Хабарламада қаржы институтының атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидия сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.
Тармақ 30
30. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы институтының/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржылық жағдайы нашарлауының өзге де белгілері болған жағдайда (бір немесе бірнеше жағдайдың басталуы), оның ішінде: халықаралық рейтингілік агенттіктердегі кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингінің шәкілі бойынша «В» деңгейінен төмендеген; К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген; қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциалдық нормативтер бұзылған кезде қаржы агенттігі кәсіпкердің қаржы құралы бойынша толық төлем (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлік) жасауы фактісі туралы қаржы институтының хабарламасы негізінде не шарттың төлем графиктерін негізге алып қысқа мерзімді кезеңге субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады. Қаржы институтының/банк-төлем агентінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері түзелген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды шарттың төлем графиктерін ескере отырып аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Қаржы институты қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде қаржы агенттігінің хабарламасында көрсетілген кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидия сомасын қаржы агенттігінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Қаржы институты хабарламаға сәйкес келмейтін/қаржы агенттігінің қаражатты қаржы агенттігінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотынан аударғаны туралы хабарлама болмаған субсидияларды есептен шығарған жағдайда қаржы институты субсидияларды қаржы агенттігінің жазбаша нысандағы хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына қайтаруды жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Қаржы институты субсидияларды шарттың төлем графигі бойынша жоспарлы төлемнен аспайтын қалдық сомасы шегінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге сәйкес есептеліп өзгертілген өтеу графиктері бойынша өтейді.
Тармақ 33
33. Кәсіпкер қаржы институтына субсидияланбайтын бөлікті төлеуді шартқа сәйкес өтеу графигі бойынша жүргізеді.
Тармақ 34
34. Кәсіпкердің қаржы құралы (негізгі борыш және субсидияланбайтын бөлік) бойынша төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша қаржы институты қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан кәсіпкердің қаржы құралы бойынша субсидияланатын бөлікті өтеу есебіне ақшаны есептен шығаруды:
Тармақша 1
1) кәсіпкер қаржы құралы бойынша жоспарлы төлемді өтеген күні қаржы агенттігінің шотында қаражат болған;
Тармақша 2
2) график бойынша өтеу күнінен кейін қаржы агенттігінен қаражат түскен кезде жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Қаржы институты кәсіпкер берешекті өтегенге дейін субсидияланатын бөлікті өтеу үшін қаражатты қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығармайды және бұл туралы қаржы агенттігін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) кәсіпкер төлемдерді төлеу бойынша екінші деңгейдегі банк/ислам банкі алдындағы міндеттемелерін қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;
Тармақша 2
2) кәсіпкер лизинг компаниясы/ислам лизинг компаниясы алдында лизингтік төлемдер енгізу жөніндегі міндеттемелерін қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған жағдайларда тиісті хатпен хабардар етеді.
Тармақ 36
36. Қаржы институты қаржы құралы ұсынылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресми хатпен/web-сервис арқылы осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген қаржы құралының сомасы бойынша талапты сақтау үшін қарыз алушы туралы ақпаратты қаржы агенттігіне жібереді.
Тармақ 37
37. Қаржы агенттігінің қаржы институтына субсидия төлеуі қаржы институты және қаржы агенттігі арасындағы субсидиялау туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін түскен бюджеттен берілетін қаражат болмаған жағдайда, оның ішінде қаржы агенттігі белгілеген субсидиялау лимиті бар болса, қаржы агенттігі тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден қаражат алған кезге дейін қаржы институтынан осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдамайды.
Тармақ 39
39. Кәсіпкердің қаржы құралы бойынша негізгі борыш ішінара мерзімінен бұрын өтелген жағдайда қаржы институты 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне шартқа қосымша келісімнің көшірмесін не төлемдерді өтеудің өзгертілген графигімен қаржы институтының электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) хатын жібереді, онда төленуге тиіс субсидия сомасы көрсетіледі.
Тармақ 40
40. Кәсіпкер күнтізбелік бір ай ішінде қаржы құралы бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда қаржы агенттігіне осындай жағдайлар бойынша біріктірілген шартқа қосымша келісімнің көшірмесін не төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі және төленуге тиіс субсидия сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) қаржы институтының хатын беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте хабарлау мерзімдері қаржы институты мен қаржы агенттігі арасындағы субсидиялау туралы келісімде көрсетілген.
Тармақ 41
41. Қаржы құралы бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда қаржы институты 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуды салыстырып қарау актісін тапсырады.
Тармақ 42
42. Мынадай жағдайларда субсидия төлеу тоқтатылады:
Тармақша 1
1) қаржы институтының алдында шарт бойынша қаржы құралының толық өтелуі (кәсіпкердің қаржы институтына қаржы құралын толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);
Тармақша 2
2) субсидиялаудың тоқтатылғаны туралы қаржы агенттігін хабардар ету;
Тармақша 3
3) кәсіпкердің бұрын қол қойылған өтініші бойынша субсидиялау шарттарынан кәсіпкердің өз бастамасы бойынша бас тартуы.
Тармақ 4. 4-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау
4-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау
Тармақ 43
43. Қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды қаржы институтының қолдаухаттары (хабарламалары), сондай-ақ мониторинг нәтижелері негізінде тоқтатады/қайта бастайды.
Тармақ 44
44. Қаржы институты мынадай жағдайларды анықтаған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей және (немесе) қаржы агенттігінің мониторинг туралы есебі негізінде жіберілген қаржы институтының хабарламасы негізінде қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды осы жағдайлардың кез келгені орын алған күннен бастап тоқтатып қояды:
Тармақша 1
1) субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы құралының түгел/ішінара мақсатқа сай пайдаланылмауы, бұл ретте субсидиялау қаржы құралын мақсатқа сай пайдаланбау сомасына барабар тоқтатылады;
Тармақша 2
2) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына және (немесе) қаржы институтының шешіміне сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмейтін күш мән-жайларының, яғни төтенше және осы жағдайлар кезінде алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің шарттың төлем графигіне сәйкес қаржы институтының алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өкімінің және (немесе) өзге құжатының және (немесе) актісінің негізінде орындамауы (бұдан әрі – ахуал);
Тармақша 4
4) ахуал әрекет еткен кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, шарттың өтеу графигіне сәйкес қаржы институтының алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді кәсіпкердің қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамауы;
Тармақша 5
5) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салынуы (шоттағы ақшаның талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз етуге жеткілікті болуы шартымен талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және (немесе) кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатып қойылуы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасының талап етілуі;
Тармақша 7
7) инвестициялық мақсаттарға бағытталған жобалар бойынша: төленген субсидия сомасының әрбір 15 (он бес) миллион теңгесіне жаңа жұмыс орындарын, бірақ 2 (екі) қаржы жылы өткеннен кейін әрбір жоба бойынша кемінде бір жұмыс орнын құруды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері негізінде және (немесе) бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес кірістердің субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайынғы негізде бір қаржы жылы өткеннен кейін жинақталған инфляция деңгейінен кем болмайтын деңгейде міндетті ұлғаюын (бұл ретте тиімділік көрсеткіштерін есептеу кезінде субсидиялаудың қай күні басталғанына қарамастан, келесі қаржы жылының басталуы есепті күн болып табылады) көздейтін тиімділік көрсеткіштерінің орындалмауы;
Тармақша 8
8) айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобалар бойынша: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері негізінде және (немесе) бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес кіріс пен еңбекақы төлеу қорының субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайынғы негізде бір қаржы жылы өткеннен кейін жинақталған инфляция деңгейінен кем болмайтын деңгейде міндетті түрде ұлғаюын (бұл ретте тиімділік көрсеткіштерін есептеу кезінде субсидиялаудың басталу күніне қарамастан келесі қаржы жылының басталуы есепті күн болып табылады) көздейтін тиімділік көрсеткіштерінің орындалмауы;
Тармақша 9
9) субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімінің бұзылуы;
Тармақша 10
10) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкер қызметінің тоқтатып қойылуы/тоқтатылуы.
Тармақ 45
45. Қаржы агенттігі осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаржы институтының хабардар етуі негізінде субсидиялауды тоқтатады/тоқтатуды кейінге қалдырады не қайта бастайды. Бұл ретте қаржы агенттігінің хабарламасында субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіз көрсетіледі.
Тармақ 46
46. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда қаржы институты кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәлімет (ақпарат) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде мұрагердің (-лердің) мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагердің (-лердің) мұрагерлік құқығы басталған жағдайда қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе шығарылады. Мұрагер (-лер) мұрадан бас тартқан, мұрагерлер болмаған жағдайда, мұрагердің міндеттемелерді қабылдауы мүмкін болмаған өзге де жағдайларда, сондай-ақ қаржы құралы мерзімінен бұрын толық өтелген кезде субсидиялау тоқтатылады.
Тармақ 47
47. Қаржы құралы түгел/ішінара мақсатқа сай пайдаланылмаған, жоба және (немесе) кәсіпкер осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген кезде қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатады, бұл ретте субсидиялау қаржы құралын мақсатқа сай пайдаланбау сомасына барабар тоқтатылады. Қаржы құралының мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын қаржы құралының қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер қаржы құралын мақсатқа сай пайдаланбау мөлшеріне барабар төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлем графигіне сәйкес жалғасады. Қаржы құралының түгелдей мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған немесе жоба немесе кәсіпкер осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеген жағдайларда субсидиялау оның мерзімі басталған күннен бастап тоқтатылады, төленген субсидия сомасы толық қайтарылады. Қаржы агенттігіне қайтарылған субсидия сомалары одан әрі субсидия төлеу үшін пайдаланылады.
Тармақ 48
48. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтатып қоюға негіз болған себептерді жойған жағдайда қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы институтын субсидиялаудың қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 49
49. Кәсіпкерді субсидиялау қайта басталған жағдайда қаржы агенттігі оған тоқтатып қойылған кезеңде төленбеген субсидияны төлейді, осы Қағидалардың 44-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялау тоқтатып қойылған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау қайта басталған кезде кәсіпкер мерзімін өткізіп алған күннен бастап төленуге тиіс субсидияны төлейді.
Тармақ 50
50. Кәсіпкерді субсидиялау тоқтатылған жағдайда қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен кәсіпкерге және қаржы институтына хабарлама жібереді, онда тоқтату себебін көрсетеді.
Тармақ 51
51. Осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтату туралы жазбаша хабарлама берген қаржы құралдары қайта басталмайды.
Тармақ 52
52. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда қаржы институты қолданыстағы қаржы құралы бойынша кәсіпкерге қаржы құралының бұрын қолданыста болған шарттарын (оның ішінде номиналды мөлшерлемені, комиссияларды және өзге де шарттарды) белгілейді. Бұл ретте қаржы агенттігі 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы институтына өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін тапсырады. Егер қаржы агенттігі қаржы институтының атына өтелетін сома қамтылған өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін қол қоюға жіберген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы институты қол қойылған өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін не дәлелді қарсылық бермесе, өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінде көрсетілген соманы қаржы институты мойындайды деп есептеледі және ол қаржы агенттігінің шотына қайтарылады.
Тармақ 53
53. Субсидиялауды қайта бастау кәсіпкер осы Қағидалардың 44-тармағының 3), 4) және 5) тармақшалары бойынша бұзушылықтарды жойған жағдайда және қаржы агенттігінің субсидиялауды тоқтату туралы шешіміне дейін қаржы институты мен қаржы агенттігі арасындағы субсидиялау туралы келісімде көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу
3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу
Тармақ 54
54. Осы Қағидалар шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингілеуді қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тәртіппен жүзеге асырады. Қаржы агенттігінің функцияларына:
Тармақша 1
1) қаржы институты ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде өзімен шарт жасалған кәсіпкердің қаржы құралын мақсатқа сай пайдалануын мониторингілеу;
Тармақша 2
2) қаржы институты ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;
Тармақша 3
3) жобаның іске асырылуын (қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалануды) мониторингілеу;
Тармақша 4
4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігін мониторингілеу жатады.
Тарау 4. 4-тарау. Жобаларға қойылатын талаптар
4-тарау. Жобаларға қойылатын талаптар
Тармақ 55
55. Субсидиялау:
Тармақша 1
1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, жобалары акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруға бағытталған;
Тармақша 2
2) жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлап отырған;
Тармақша 3
3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі;
Тармақша 4
4) меншік нысаны «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жеке меншік мекеме ретінде ресімделген;
Тармақша 5
5) кредит есебінен сатып алынған активті оны сатқан тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға/жалға/өтеусіз пайдалануға беруді жүзеге асырған және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлап отырған, оның ішінде кәсіпкердің кәсіпорнын осы тұлғаға қосу немесе осы тұлғамен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды іске асыратын және (немесе) болашақта жоспарлайтын (жобаларды мониторингілеу барысында осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталса, субсидиялау тоқтатылады және бұған дейін төленген субсидиялар қайтарылады);
Тармақша 6
6) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатып қойған (кәсіпкерлік субъектісі қызметінің мәртебесін тексеру eSalyk порталында жүзеге асырылады);
Тармақша 7
7) бірінші деңгейдегі ақпараттық жүйеде олар бойынша шектеу өлшемшарттары анықталған;
Тармақша 8
8) жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға бағытталған жобаларды іске асыратын (апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жер учаскелерін сатып алу/жалға алу/қосалқы жалдау) кәсіпкерлер бойынша жүзеге асырылмайды.
Тармақ 56
56. Кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары және осы Қағидалар шеңберінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік даму институттары, оның ішінде экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар, сондай-ақ акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар кредитор болып табылатын;
Тармақша 2
2) бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;
Тармақша 3
3) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
Тармақша 4
4) овердрафт түріндегі;
Тармақша 5
5) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;
Тармақша 6
6) ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдарының және лизинг компанияларының қызметіне бағытталған;
Тармақша 7
7) мыналарды: үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс жөніндегі қызметті жүзеге асыруын растайтын құжат болған жағдайда жаңа және (немесе) бар объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін, коммуникацияларын) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу); Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьютор болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алуды; тауарды, шикізатты және (немесе) материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген жағдайда осындай тауарларды, шикізатты және (немесе) материалдарды үлестес/байланысты тұлғалардан сатып алуды қоспағанда, үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған;
Тармақша 8
8) салықтық міндеттемелерді, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды, сондай-ақ кредиттерге/қаржы лизингіне/қаржыландыру шарттарына және өзге де мақсаттарға қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысу жүргізуге бағытталған;
Тармақша 9
9) қаржы құралдары, бұған дейін қосымша жаңғыртусыз сатып алынатын жобаның 20 %-ынан аз субсидия алған, дайын және пайдалануға берілген/қолданыстағы жобаны сатып алуға бағытталған;
Тармақша 10
10) мемлекет меншігіндегі жер учаскесінде құрылыс салуды және үшінші тұлғалардың жалдауындағы жылжымайтын мүлік объектісіне жөндеу жұмыстарын/жаңғырту/реконструкциялау жүргізуді қоспағанда, кейіннен үшінші тұлғаларға ресімделетін мүлікті/активтерді сатып алуға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскесінде объект салуды жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдары субсидияланбайды.
Тармақ 57
57. Мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуын мониторингілеу мыналарды қамтитын екі деңгейлі жүйеде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) бірінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын және оларды алушыларды мониторингілеудің екінші деңгейдегі ақпараттық жүйелермен интеграцияланған, кәсіпкерлер өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын тіркеуші ақпараттық жүйесі, онда форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау арқылы кәсіпкерлерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға олардың сәйкес келуі тексеріледі;
Тармақша 2
2) екінші деңгей – кәсіпкерлерден мемлекеттік қолдау шараларына өтінім қабылдау, оларды бірінші деңгейдегі жүйеге форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер, оның ішінде қаржы институттарының ақпараттық жүйелері. Кәсіпкерлер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуын және оларды алушыларды бірінші деңгейдегі жүйені пайдалана отырып мониторингілеуді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, жүктеп шығаруына және пайдалануына келісім береді.
Тармақ 58
58. Кәсіпкерлердің өтінімдері екінші деңгейдегі жүйеге түскен кезде екінші деңгейдегі жүйе бірінші деңгейдегі жүйеге кәсіпкерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға оның сәйкестігін тексеруге сұрау салады. Бірінші деңгейдегі жүйе кәсіпкерге оның қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға оның сәйкестігін тексеру нәтижесімен жауап қайтарады. Өтінім шектеу өлшемшарттарының жоқ екені туралы жауап алынған кезде одан әрі өңделеді. Өтінімде көрсетілген мәліметтерді және өтінімді өңдеу мәртебесін екінші деңгейдегі жүйе бірінші деңгейдегі жүйеге береді. ______________________
Басқа 1.1. Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына қосымша Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі Р/с № Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші­нің ко­ды Ата­уы 1 2 1 10 Та­мақ өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сі 2 11.06 Уыт өн­ді­рі­сі 3 11.07 Ал­ко­голь­сіз су­сын­дар, ми­не­рал­ды су­лар және шөл­мек­ке құй­ы­л­ған бас­қа да су­лар өн­ді­рі­сі 4 13 Тек­стиль бұй­ым­да­ры­ның өн­ді­рі­сі 5 14 Ки­ім өн­ді­рі­сі 6 15 Бы­л­ға­ры және со­ған жа­та­тын өнім өн­ді­рі­сі 7 16 Жи­һаз­дан бас­қа, ағаш және тоз бұй­ым­да­ры­ның өн­ді­рі­сі; са­бан­нан және то­қу­ға ар­нал­ған ма­те­ри­ал­дар­дан жа­сал­ған бұй­ым­дар өн­ді­рі­сі 8 17 Қа­ғаз және қа­ғаз өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сі 9 20 Хи­мия өнер­к­ә­сі­бі өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сі 10 21 Негіз­гі фар­ма­цев­ти­ка­лық өнім­дер мен фар­ма­цев­ти­ка­лық пре­па­рат­тар өн­ді­рі­сі 11 22 Ре­зең­ке және пласт­мас­са бұй­ым­да­ры­ның өн­ді­рі­сі 12 23 Өзге де бей­ме­талл ми­не­рал­дық өнім­дер өн­ді­рі­сі* 13 24 Ме­тал­лур­гия өн­ді­рі­сі** 14 25 Ма­ши­на­лар мен жаб­дық­тар­дан бас­қа, дай­ын ме­талл бұй­ым­да­ры өн­ді­рі­сі 15 26 Ком­пью­тер­лер, элек­трон­дық және оп­ти­ка­лық жаб­дық­тар өн­ді­рі­сі 16 27 Электр жаб­дық­та­ры өн­ді­рі­сі 17 31 Жи­һаз өн­ді­рі­сі 18 32 Өзге де дай­ын бұй­ым­дар өн­ді­рі­сі * тауарлық бетон өндірісін қоспағанда (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды «23.63»); ** шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (ЭҚЖЖ коды «24.10»), ядролық отынды қайта өңдеуді (ЭҚЖЖ коды «24.46»), шойын құюды (ЭҚЖЖ коды «24.51»), болат құюды (ЭҚЖЖ коды «24.52») қоспағанда. ______________________
Басқа 2. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысына 2-қосымша Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай емес қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Бір ауыл – бір өнім» (бұдан әрі – БАБӨ) жобасы – жергілікті шикізаттан шығарылатын өнімді әзірлеу мен ілгерілету қызметтерін көрсетуге бағытталған, кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім шығару жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жоба;
Тармақша 2
2) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын және микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) қаржы агенттігі – қаржылай емес қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
Тармақша 4
4) қаржылай емес қолдау операторы – «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасы» құрамдауышын қоспағанда, ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай емес қолдауды жүзеге асыратын «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
Тармақша 5
5) оқуды аяқтағаны туралы сертификат – оқудан өткенін растайтын құжат;
Тармақша 6
6) онлайн-оқыту – білім беру ортасына толық енуге және жұмыс процесінен қол үзбей біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін компьютердің немесе Интернетке қосылған басқа құрылғының көмегімен білім мен машық алу;
Тармақша 7
7) уәкілетті орган – Кодекстің 85-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 13-тармағы 17) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.
Тармақ 3
3. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасына және БАБӨ-ге қатысушыларға қолдау көрсетуді көздейді әрі орнықты даму және кәсіпкерлік құзыреттерін арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ бизнесті жүргізуді жақсартуға ықпал ететін оқытуда қолдауға бағытталған.
Тармақ 4
4. Қаржылай емес қолдауды «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 626 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін қажетті қағидаларда, қолдау нысандарында және басқа да шарттарда көзделген белгіленген тәртіпке сәйкес қаржылай емес қолдау операторы жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Қаржы агенттігі қаржылай емес қолдауды кәсіпкерлердің кәсіпкерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған онлайн-оқыту түрінде көрсетеді. Кәсіпкерлер өтеусіз негізде оқытылады және кәсіпкердің оқудан өтуінің қарқындылығына байланысты екі аптаға дейін созылады.
Тармақ 6
6. Кәсіпкердің қаржы агенттігінің ақпараттық жүйесінде тіркелуі онлайн-оқытуға қолжетімділік беруге негіз болады. Қаржы агенттігі бір рет немесе қаржы агенттігі белгілеген тәртіппен қайтадан оқу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Онлайн-оқытудың білім беру бағдарламалары мен материалдарын қаржы агенттігі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өзекті сұранысын, сондай-ақ осы Қағидалардың мақсаттарын ескере отырып әзірлейді және өзектілендіреді.
Тармақ 8
8. Қаржы агенттігі онлайн-оқытудан өту процесінің мониторингін және көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын бағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ оқуды аяқтаған кәсіпкерлерді есепке алуды және олардың тізілімін жүргізеді.
Тармақ 9
9. Кәсіпкер қаржы агенттігі белгілеген талаптарды орындаса, оған онлайн-оқытудан өту қорытындысы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат беріледі. Сертификат нысанын, онлайн-оқытуды ұйымдастыру тәртібін және оны аяқтау өлшемшарттарын қаржы агенттігі бекітеді.
Тармақ 10
10. Онлайн-оқытуды қаржыландыру қаржы агенттігінің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Осы Қағидаларда көзделмеген өзара іс-қимыл тетіктері мен іске асыру процестері уәкілетті органның келісуі бойынша қаржылай емес қолдау операторының ішкі нормативтік құжаттарында айқындалады.
Тармақ 12
12. Шағын кәсіпкерлікті қолдауды үйлестіру әдіснама мен цифрлық сервистерге жауап беретін қаржылай емес қолдау операторын қоса алғанда, уәкілетті ұйымдар мен операторлардың өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады. Бейінді ұйымдар өз бағыттарында шараларды іске асырады, ал бірыңғай жүйе келісімділік пен кәсіпкерлердің қызметтерге ыңғайлы қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Онлайн-оқытуды іске асыру тетігі Кәсіпкерлерді, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасына және БАБӨ-ге қатысушыларды онлайн-оқыту Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шеңберінде іске асырылады. Білім беру бағдарламасы қаржы агенті айқындайтын цифрлық білім беру платформаларын пайдалану арқылы онлайн-форматта жүргізіледі. Оқу ұзақтығы білім беру модульдерінің салалық ерекшелігі мен мазмұнын ескере отырып түзетіледі. Кодекстің 24-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлер, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасына және БАБӨ-ге қатысушылар онлайн-оқытуға қатысушы болады. Білім беру материалдарына қолжетімділік қатысушыларға тәулік бойы пайдалану және оқудан өту мүмкіндігімен онлайн-платформадағы жеке кабинет арқылы беріледі. Білім беру бағдарламасынан өту қорытындысы бойынша оқу материалын меңгеруін бағалауға бағытталған онлайн-тестілеу жүргізіледі. Тестілеу қорытындысы бойынша ең төменгі өту балы 75 % құрайды. Қорытынды тестілеуден өтпеген жағдайда қатысушы алдыңғы әрекет жасалған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде, бірақ үш реттен асырмай қайта тестілеуге жіберіледі. Үш әрекеттен кейін тестілеуден өтпей қалса, қатысушыға тиісті онлайн-оқытудан өткені туралы сертификат берілмейді, бұл ретте қаржы агенттігі онлайн-оқытудан қайта өтуге мүмкіндік береді. Оқуды сәтті аяқтаған және қорытынды тестілеуден өткен қатысушыларға тиісті онлайн-оқытудан өткені туралы сертификат беріледі.
Тармақ 14
14. Осы Қағидаларда көзделген іс-шаралар консультация берудің және ақпараттық сүйемелдеудің шағын және моно- қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ауылдардағы жергілікті жерлерде консультациялық қызметтер көрсетуді және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруді қамтамасыз ететін арнайы мобильді офистерді (шағын автобустарды) қолдануды көздейтін көшпелі нысандарын пайдалану арқылы да жүзеге асырылады. ______________________
Басқа 3. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысына 3-қосымша Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді әрі өңірлік мамандануды ендіру және өңірлер мен бизнесті ортақ жауапкершілікке тарту мақсатында кәсіпкерлерді қолдауға арналған өндірістік, сервистік, туристік, цифрлық IT және өткізу инфрақұрылымы объектілерін құру, дамыту және пайдалану шарттарын, тәртібі мен тетігін айқындайды. Осы Қағидаларда инфрақұрылым санаттары, кәсіпкерлерге қолжетімділік беру тәртібі, сондай-ақ инфрақұрылымдық объектілерді пайдалану тиімділігін мониторингілеу және бағалау рәсімдері белгіленген.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Атамекен» ҰКП – Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, коммерциялық емес ұйым, кәсіпкерлік субъектілерінің одағы;
Тармақша 2
2) «Ауыл аманаты» бағдарламасы – халық табысын арттыруға, негізінен ауыл шаруашылығы және тұтыну кооперативтерін (бұдан әрі – кооператив), ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді қолдауға бағытталған жоба;
Тармақша 3
3) «Бір ауыл – бір өнім» жобасы (бұдан әрі – БАБӨ) – жергілікті шикізаттан шығарылатын өнімді әзірлеу мен ілгерілету қызметтерін көрсетуге бағытталған, кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім шығару жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жоба. Өнімнің (тауардың) БАБӨ жобасына сәйкестігін айқындау мынадай өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады: өнім (тауар) жергілікті/локальды шикізаттан өндірілуге тиіс; өнімді (тауарды) дайындау кезінде күрделі емес құралдар мен тетіктер пайдаланылуға тиіс; өнім (тауар) мүмкіндігінше сол аумақтың өңірлік ерекшелігін (өнімнің шығу тарихын) көрсетуге және қамтуға тиіс; өнім (тауар) құрамында қауіпті немесе зиянды заттар болмауға, өнімді (тауарды) қауіпсіз тасымалдау үшін қажетті қаптама болуға тиіс, сондай-ақ өнім (тауар) сақтау мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайтын тез бұзылатын санатқа жатпауға тиіс;
Тармақша 4
4) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – жаңа объектілерді құру (салу), қолда бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту барысы туралы бюджет қаражаты бөлінген сәттен бастап пайдалануға берілген сәтке дейін ақпаратты тұрақты және жүйелі жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 5
5) бюджет процесі – мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторингілеу және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;
Тармақша 6
6) жеке кабинет – тізілімдегі пайдаланушының (кәсіпкер, уәкілетті орган, өңірлік үйлестіруші, өңірлік үйлестіру кеңесі, бюджеттік бағдарлама әкімшісі) дербес веб-парақшасы;
Тармақша 7
7) жеке шот – тізілімдегі өтінімдерді тіркеу және олармен операцияларды есепке алу мақсатында кәсіпкерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалардың жиынтығы;
Тармақша 8
8) жеке қаржыландыру жоспары – мемлекеттік мекеменің шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылатын негізгі құжаты;
Тармақша 9
9) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкiмi айқындайтын, жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты құрылымдық бөлiмшесi;
Тармақша 10
10) заманауи форматтағы сауда объектілері – арнаулы немесе аралас тауарлар ассортиментінің атауы (бірліктері) бір мыңнан басталатын және одан асатын, дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен, сондай-ақ саудада қосымша қызметтер көрсете отырып жұмыс істейтін, төлем карталарын пайдаланып төлем жүргізуге арналған жабдығы (құрылғысы) бар, еңбек өнімділігі және сауда алаңының шаршы метріне қатысты сату өнімділігі жоғары, аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңның болуы көзделген, стационарлық/стационарлық емес сауда объектілері;
Тармақша 11
11) инженерлік инфрақұрылым – халықтың тыныс-тіршілігіне, сондай-ақ өндірістің орнықты жұмыс істеуіне немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына қалыпты жағдай жасайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылысжайлардың), коммуникациялар мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы;
Тармақша 12
12) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын және микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғалар;
Тармақша 13
13) көрсетілетін қызметтерді беруші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
Тармақша 14
14) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі туралы мәліметтер мен нәтижені бағалау қамтылған құжат;
Тармақша 15
15) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
Тармақша 16
16) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзiрлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңiрлiк даму саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 17
17) өңірлік үйлестіруші – кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 18
18) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 19
19) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ кәсіпкерлер туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
Тармақша 20
20) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін, Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
Тармақша 21
21) тікелей нәтиже – көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу толығымен осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне байланысты;
Тармақша 22
22) түпкiлiктi нәтиже – бюджеттік бағдарламаның мемлекеттiк орган қызметiнiң тікелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негізделген, стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттiк бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін көрсеткіші;
Тармақша 23
23) шағын өнеркәсіптік аймақ – шағын өндірушілерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай кеңістік, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен, шаруа және фермер қожалықтарынан, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардан келетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдауға, өңдеуге, буып-түюге және сақтауға арналған ықшам, экономикалық қолжетімді өндірістік-логистикалық пункт (шағын өнеркәсіптік аймақ мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу функционалдық бағыттары бойынша құрылады);
Тармақша 24
24) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысанда көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізетін бірыңғай терезе болып табылатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 25
25) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және ондағы мәліметтердің өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
Тармақ 3
3. Инфрақұрылымдық қолдауды дамыту жаңа өндірістерді іске қосуды, көрсетілетін қызметтерді дамытуды, қолданыстағы қызметті, оның ішінде шағын өнеркәсіптік аймақтардағы қызметті кеңейту мен жаңғыртуды қоса алғанда, кәсіпкерлердің жобаларын қолдауға арналған өндірістік, сервистік, логистикалық, туристік және өткізу инфрақұрылымы объектілерін құру мен дамытудан тұрады. Инфрақұрылымды құру кәсіпкерлер топтары үшін де, арнайы алаңдар, кластерлер мен өзге де инфрақұрылымдық аймақтар құрамында да жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Инфрақұрылымдық қолдауды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Инфрақұрылымдық қолдау көрсету тәртібі
2-тарау. Инфрақұрылымдық қолдау көрсету тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Инфрақұрылымдық қолдау көрсету шарттары
1-параграф. Инфрақұрылымдық қолдау көрсету шарттары
Тармақ 5
5. Осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде инфрақұрылымдық қолдау көрсету экономикалық қызметтің басым түрлеріне жататын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады. Басым түрлердің тізбесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша «Атамекен» ҰКП уәкілетті органы бекіткен экономика салаларына рейтинг беру тәртібін айқындайтын ішкі нормативтік құжатқа сәйкес бөлім, топ, сынып немесе кіші сынып деңгейінде ЭҚЖЖ санын 6-дан (алты) асырмай әрбір жеке жергілікті атқарушы орган өңірді дамыту басымдықтарын негізге ала отырып айқындайды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы және БАБӨ шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жобалар басым бағыттарға жатады және инфрақұрылымдық қолдау алуға өтінім берген кезде бірінші кезекте (басымдықпен) қаралады. Инфрақұрылымдық қолдау алуға үміткер кәсіпкерлер үшін қарсы міндеттемелер «Атамекен» ҰКП ішкі нормативтік құжатында көзделген талаптар мен өлшемшарттарға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдар осы Қағидалар шеңберінде бөлінетін қаражатты кәсіпкерлердің жобаларын орналастыру, іске қосу және кеңейту үшін жағдай жасайтын базалық инженерлік, өндірістік және цифрлық IT инфрақұрылым объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға жібере алады, оның ішінде: инженерлік инфрақұрылым:
Тармақша 1
1) ұңғымаларды бұрғылауды қоса алғанда, су бұру және сумен жабдықтау жүйелері;
Тармақша 2
2) газдандыру объектілері;
Тармақша 3
3) су құбырлары, бу құбырлары және жылу желілері;
Тармақша 4
4) су құбырлары мен санитариялық құрылысжайлар (септиктер);
Тармақша 5
5) электр қосалқы станциялары және электр беру желілері;
Тармақша 6
6) бу-газ қондырғылары;
Тармақша 7
7) байланыс желілері, Интернет және телефондандыру;
Тармақша 8
8) теміржол тұйықтары мен кірме жолға жібере алады; қызметтің басым түрлерін қолдауға бағытталған жалпы пайдаланымдағы өндірістік инфрақұрылым объектілері: жалпы пайдаланымдағы өндірістік инфрақұрылым объектілеріне:
Тармақша 1
1) өндірістік шағын кластерлер;
Тармақша 2
2) жабдықты бірлесіп пайдалану орталықтары;
Тармақша 3
3) жалпы қол жетімді қолөнер және тігін шеберханалары;
Тармақша 4
4) азық-түлік шағын цехтары мен қайта өңдеу орталықтары;
Тармақша 5
5) өндірістік коворкингтер;
Тармақша 6
6) басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлік және (немесе) жер учаскесі жатады; жалпы пайдаланымдағы логистикалық инфрақұрылым объектілеріне:
Тармақша 1
1) логистикалық және қойма алаңдары;
Тармақша 2
2) өнімді сұрыптау, орау, буып-түю және таңбалау орталықтары;
Тармақша 3
3) шағын өнеркәсіптік аймақтар;
Тармақша 4
4) жергілікті өндірушілерге арналған тарату хабтары;
Тармақша 5
5) шағын кәсіпкерлік өнімдерін шоғырландыру нүктелері жатады; кәсіпкерлерге арналған өткізу инфрақұрылымы объектілеріне:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлердің өнімдерін заманауи форматтағы сауда объектілерінде орналастыру аймақтары (SME-corners);
Тармақша 2
2) жергілікті өндірушілердің шағын нарықтары;
Тармақша 3
3) жәрмеңке және көрме алаңдары;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлердің өнімдерін көрсетуге арналған экспо-аймақтар мен павильондар;
Тармақша 5
5) көшпелі өткізу пункттері мен уақытша сауда павильондары жатады; кәсіпкерлер үшін туристік инфрақұрылым объектілеріне:
Тармақша 1
1) кемп-сайттар мен керуен және автоүй тұрақтарына арналған аймақтар;
Тармақша 2
2) визит-орталықтары мен туристік-ақпараттық қызмет көрсету нүктелері;
Тармақша 3
3) туристік маршруттар бойындағы сервистік алаңдар (санитариялық тораптар, шатырлар, тамақтану нүктелері, зарядтау станциялары, демалыс аймақтары);
Тармақша 4
4) туристік аймақтардағы қолөнершілер мен жергілікті өндірушілерге арналған кеңістіктер;
Тармақша 5
5) шағын мұражайлар, этно-аймақтар және демонстрациялық орталықтар жатады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы инфрақұрылым объектілерін құруға және дамытуға қолдау көрсетуге жол беріледі. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өкілеттіктері шегінде және осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектілерді салу, реконструкциялау және жаңғырту, үй-жайлар мен жер учаскелерін пайдалануға беру, жеңілдікті жалға беруді қолдану, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктеріне қатысу, жеке инвестицияларды тарту, бірлесіп инвестициялау, жабдықтарды сатып алу және беру, сондай-ақ кәсіпкерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылым объектілерін басқару және пайдалану арқылы жобаларды іске асыруды жүзеге асырады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі жеке әріптестің инвестициялық және (немесе) операциялық шығынын әзірлік үшін төлем, капитал шығынының бір бөлігін өтеу нысанында не Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қолдаудың өзге де нысандарында бюджет қаражаты есебінен өтеуді көздейді.
Тармақ 7
7. Кәсіпкерлерді қажетті инфрақұрылымдық қолдаумен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдармен келісіп ұзарту мүмкіндігімен қызмет түріне байланысты 36 (отыз алты) айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады. Ортақ пайдаланылатын инфрақұрылым объектілерін құру объектіні кемінде 3 (үш) кәсіпкерлік субъектісі пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Кәсіпкерлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Осы Қағидалар шеңберінде:
Тармақша 1
1) салық және әлеуметтік төлемдер бойынша бюджет алдында берешегі бар;
Тармақша 2
2) банкроттық, тарату немесе мәжбүрлеп өндіріп алу рәсіміндегі;
Тармақша 3
3) ұқсас қызмет түрі бар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес;
Тармақша 4
4) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге инфрақұрылымдық қолдау көрсетілмейді.
Тармақ 10
10. Қызметін экономикалық қызметтің басым түрлері шеңберінде жүзеге асыратын кәсіпкерлерге – жергілікті өндірушілерге заманауи форматтағы сауда объектілеріндегі сауда алаңына және (немесе) сөре кеңістігіне қолжетімділік беріледі.
Тармақ 11
11. Сауда алаңын және (немесе) сөре кеңістігін беру кәсіпкердің өткізілетін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтауы шартымен ұзарту мүмкіндігімен кемінде 6 (алты) ай мерзімге жүзеге асырылады. Сөре кеңістігінің құнын және жергілікті өндірушілерді орналастыру бойынша өзге де ілеспе шығыстарды төлеу инфрақұрылымдық қолдау шеңберінде бекітілген бюджеттік бағдарламалар шегінде жүзеге асырылады. Егер заманауи форматтағы сауда объектісін салу кезінде инженерлік инфрақұрылымды объект аумағының шекарасына дейін жеткізу мемлекеттік қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, сауда объектісі шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сауда алаңын және (немесе) сөре кеңістігін мынадай: ауданы 1000 (бір мың) шаршы метрге дейінгі объектілер үшін жалпы сауда алаңының 5 %-ынан; ауданы 1000-нан (бір мың) 3000 (үш мың) шаршы метрге дейінгі объектілер үшін жалпы сауда алаңының 3 %-ынан кем емес ең төменгі көлемде беруді қамтамасыз етеді. Көрсетілген сауда алаңдары және (немесе) сөре кеңістіктері жергілікті өндірушілердің бірыңғай аймағы түрінде қалыптастырылады және азық-түлікті қайта өңдеу, қолөнер өндірістері, тоқыма және экономикалық қызметтің басым түрлеріне жататын өзге де өндірістік бағыттар өнімдерін қоса алғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерін орналастыруға арналған. Бұл ретте инженерлік инфрақұрылымды жүргізу сауда объектісі аумағының шекарасына дейін ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жалпы пайдаланылатын өндірістік инфрақұрылым объектілерін инженерлік қамтамасыз етуді қоса алғанда, қажетті инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, инженерлік желілер объектілерін салу, бюджеттік жоспарлау және пайдалану саласындағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Алдыңғы қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізбеген және қарсы міндеттемелерді орындамаған шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қайтадан қаржыландырылмайды.
Тармақ 14
14. Өңірлік үйлестіру құрылымының жұмыс органы өңірлік үйлестіруші болып табылады.
Тармақ 15
15. Өңірлік үйлестіруші:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлерді инфрақұрылымдық қолдау мүмкіндіктері туралы хабардар етуді;
Тармақша 2
2) инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу және пайдалану тәртібі бойынша консультация беруді;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлер мен инфрақұрылымдық объектілердің операторлары арасындағы өзара іс-қимылды;
Тармақша 4
4) инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеу тиімділігін мониторингілеуді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Өңірлік үйлестіруші мониторинг нәтижелері бойынша инфрақұрылымдық қолдауды дамыту, объектілер тізбесін кеңейту және оларды пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Тармақ 17
17. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жеке қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.
Тармақ 2. 2-параграф. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша инфрақұрылымдық қолдау алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы
2-параграф. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша инфрақұрылымдық қолдау алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы
Тармақ 18
18. Кәсіпкер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша инфрақұрылым беру туралы өтінішпен өңірлік үйлестірушіге жүгінеді, онда инфрақұрылым беру қажеттігінің негіздемесі қамтылып, мына құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) бизнес-жоспар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН;
Тармақша 3
3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
Тармақ 19
19. Өңірлік үйлестіруші құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) кәсіпкердің жобасын осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
Тармақша 2
2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
Тармақша 3
3) құжаттардың толық топтамасымен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына енгізеді;
Тармақша 4
4) ӨҮК отырысы күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екенін анықтаған, сондай-ақ кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар, объектілер, жобаны қарау үшін қажетті деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда өңiрлiк үйлестiрушi кәсiпкерге мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауаппен хабарлама жiбередi.
Тармақ 21
21. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны кемінде 10 (он) адамды құрайды, оның кемінде 50 %-ы кәсіпкерлер қоғамдастығының өкілдері болады. ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан кезде өткізіледі. Шешімді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.
Тармақ 22
22. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың осы Қағидалардың өлшемшарттарына сәйкестігін тексереді;
Тармақша 2
2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасы мен қоса беріліп отырған құжаттарды, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, өнім өндіру көлемі туралы болжамды ақпаратты қарайды және талқылайды;
Тармақша 3
3) талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК осы Қағидаларға сәйкестігі тұрғысынан инфрақұрылым беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 23
23. ӨҮК шешімі оның отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 24
24. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін кәсіпкерге ӨҮК шешімі туралы хабарлама жібереді. ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге уәжді жауап жолдайды.
Тармақ 25
25. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК хаттамасы ресімделген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін, ӨҮК хаттамасын қолдауды одан әрі іске асыру жөнінде шаралар қабылдау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарын олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік сұранымдарды қарау кезінде әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерiн есептегенде басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқоры да пайдаланылады. Бюджеттік сұраным Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының оның жасалуы мен ұсынылуы жөніндегі талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамай, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады;
Тармақша 2
2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша бюджеттік сұранымдар мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырып, оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
Тармақша 3
3) уәкілетті органды/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджет комиссиясының шешімі туралы хабардар етеді.
Тармақ 27
27. Жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қабылданады.
Тарау 3. 3-тарау. Инфрақұрылымдық қолдау көрсетуді мониторингілеу
3-тарау. Инфрақұрылымдық қолдау көрсетуді мониторингілеу
Тармақ 28
28. Осы Қағидалар шеңберінде инфрақұрылымдық қолдау көрсетуді мониторингілеуді уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жүзеге асырады.
Тармақ 29
29. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеуде:
Тармақша 1
1) жұмыстардың нақты жай-күйін, объектілердің жұмыс істеуін және жүктелу көрсеткіштерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын инфрақұрылым объектілерін құру және пайдалану барысы туралы ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері мен мақсаттарына сәйкес шағын кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау жобаларын іске асыру шеңберінде қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп дайындау;
Тармақша 3
3) бюджеттік инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын инфрақұрылым жобаларын іске асыруға бөлінген қаражатты игеру туралы мәлімет жинау көзделеді.
Тармақ 30
30. Инфрақұрылым объектілерін құру және пайдалану жөніндегі жобаларды іске асырудың нақты және жоспарлы көрсеткіштері туралы ақпаратты, сондай-ақ есепті қаржы жылындағы кәсіпкерлерді инфрақұрылымдық қолдауды дамытуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар қаражатын игеру туралы мәліметтерді қамтитын есеп мониторинг қорытындысы болып табылады. Есеп қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады. Есептің PDF форматындағы сканерленген көшірмесін өңірлік үйлестіруші осындай есепті уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне жүктейді.
Тармақ 31
31. Инфрақұрылымның берілуі бойынша жылдық мониторингіні мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 10 (оныншы) сәуірден кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне береді. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) сәуіріне дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жылдық мониторингіні ұсынады. Жиынтық ақпаратта:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлерге инфрақұрылым ұсыну туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) аяқталған және қолданыстағы жобалар бойынша ақпарат;
Тармақша 3
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті қаражатының және облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттері есебінен қаржыландырылатын жобалардың тізбесі, қаржыландыру жоспарының сомалары, жобалардың нақты орындалуы, аяқталған жобалар саны, игерілмеген сомалар мен оның себептері туралы ақпарат қамтылады.
Тармақ 32
32. Өңірлік үйлестірушілер жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 10 (оныншы) ақпаннан кешіктірмей мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға шағын кәсіпкерлік жобаларының іске асырылу мәртебесі туралы ақпарат береді (құрылған тұрақты және уақытша жұмыс орындары, салық аударымдары, өнім шығарылуы және еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы туралы және қарсы міндеттемелер бойынша басқа да көрсеткіштерді).
Тармақ 33
33. Осы Қағидаларда көзделмеген өзара іс-қимыл тетіктері мен іске асыру процестері уәкілетті органның келісімі бойынша «Атамекен» ҰКП-ның ішкі нормативтік құжаттарында айқындалады.
Тармақ 34
34. Шағын кәсіпкерлікті қолдауды үйлестіру әдіснама мен цифрлық сервистерге жауап беретін «Атамекен» ҰКП қоса алғанда, уәкілетті ұйымдар мен операторлардың өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады. Бейінді ұйымдар өз бағыттарында шараларды іске асырады, ал бірыңғай жүйе келісімділік пен кәсіпкерлердің көрсетілетін қызметтерге ыңғайлы қол жеткізуін қамтамасыз етеді. ___________________
Басқа 3.1. Инфрақұрылымдық қолдау көрсетуге электрондық өтінім
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидаларына қосымша Нысан Инфрақұрылымдық қолдау көрсетуге электрондық өтінім
Тармақ 1
1. ___________ облысында (республикалық маңызы бар қалада, астанада) ___________________________________________________________________. (заңды тұлғаның толық атауы, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тармақ 2
2. Инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын.
Тармақ 3
3. Өтініш беруші туралы мәліметтер: Заңды тұлға үшін: атауы _______________________________________________________ БСН ________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)________________________________ басшының ЖСН_______________________________________________ мекенжайы____________________________________________________ телефон (факс) нөмірі___________________________________________ Дара кәсіпкер үшін: атауы ________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________ ЖСН ________________________________________________________ жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі _______________________________________________________ кім берді______________________________________________________ берілген күні___________________________________________________ мекенжайы____________________________________________________ телефон (факс) нөмірі) __________________________________________ Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама: орналасқан жері ______________________________________________ хабарланған күні ______________________________________________ .
Тармақ 4
4. Кәсіпкердің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бар-жоғы туралы мәліметтер: Банк деректемелері: _____________________________________________ Банктің атауы: _______________________________________________ БСК ________________________________________________________ ЖСК ________________________________________________________ БСН ________________________________________________________ Кбе _________________________________________________________ .
Тармақ 5
5. Жоба туралы мәліметтер: жобаның атауы_______________________________________________ жобаның қысқаша сипаттамасы__________________________________ жобаны іске асыру орны______________________________________ қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады): _____________________________________________________ қажетті инфрақұрылым түрі _______________________________ инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі _____________________________________________________________ құрылыстың құны, мың теңге ___________________________________ жобаның құны (инвестициялар), мың теңге ________________________ салық салу жүйесі: _____________________________________________ экономика саласын көрсет: _____________________________________ экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ): _____________________________________________________________ . жалдамалы жұмыскерлер саны ________________________________
Тармақ 6
6. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер: Р/с № Жыл­дар Факт Бо­лжам ағым­да­ғы жыл 1-ші жыл 1-ші жыл 1-ші жыл 1 2 3 4 5 6 1 Құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны, адам 2 Са­лық тү­рін­де­гі тү­сім­дер со­ма­сы, мың тең­ге 3 Шы­ға­ры­ла­тын өнім­нің кө­ле­мі, мың тең­ге Бас­қа әсер­лер 7. Берілген құжаттар туралы мәліметтер: Р/с № Құ­жат­тың ата­уы Элек­трон­дық файл­дың ата­уы (pdf фор­ма­тын­да) 1 2 3 1 Биз­нес-жос­пар 2 Жо­ба­ның ТЭН 3 Жо­ба бой­ын­ша жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма Жүк­теу Мыналарға: 1) өңірлік үйлестірушінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға; 2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін. Мен:
Тармақша 1
1) өңірлік үйлестіруші мен ӨҮК ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізілетінімен;
Тармақша 2
2) өңірлік үйлестіруші көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес екенімен;
Тармақша 3
3) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылғанымен;
Тармақша 4
4) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтынымен;
Тармақша 5
5) өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамына, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына ұсынатынымен;
Тармақша 6
6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) өңірлік үйлестірушінің қаржыландыруды беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемелері болып табылмайтынымен келісемін. Конкурс шарттарымен және инженерлік инфрақұрылымды жүргізу шарттарымен/талаптарымен таныстым. Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауаптылық туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін. Өтініш беруші 20__ жылғы «___» _____ сағ. 00:00 қол қойып, жіберді: ЭЦҚ деректері ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты Өтінімді қабылдау туралы хабарлама: Өңірлік үйлестіруші 20__ жылғы «___» __________ сағ. 00:00-де қабылдады: ЭЦҚ деректері ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты _______________________