Об утверждении Временного положения о продаже части государственного пакета акций руководителям акционерных обществ Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн акционерлiк қоғамдардың басшыларына сату туралы уақытша ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2005 № 781 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн акционерлiк қоғамдардың басшыларына сату туралы қоса берiлiп отырған Уақытша ереже бекітiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.
Басқа 3. Мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн акционерлiк қоғамдардың басшыларына сату туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн акционерлiк қоғамдардың басшыларына сату туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Осы Ереже мемлекеттiк акция пакетi 51 проценттен төмен бұрынғы мемлекеттiк кәсiпорындардың негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдардың басшыларына (мұнан былай - қоғамдар) сатуға арналған мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлудiң тәртiбi мен шартын белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Мемлекетке тиесiлi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (Меммүлiккомы) оның бiр бөлiгiн акционерлiк қоғамдардың басшыларына бөлу туралы шешiм шығарған кезде сатылмаған бүкiл акция пакетi мемлекеттiк акция пакетi деп ұғынылады. Бұл орайда: жаппай жекешелендiру бағдарламасына сәйкес сату үшiн резервке қалдырылған; қоғамның құрылтай құжаттарына, сондай-ақ Меммүлiккомы мен оның аумақтық органдарының бұрын қабылданған шешiмдерiне сәйкес басқа да сатулар үшiн резервке қалдырылған акция пакеттерiнен басқа ұлттық, мемлекеттiк акционерлiк компаниялар, соның iшiнде холдинг және басқа ұстаушы органдар табыстаған мемлекеттiк акция пакеттерi ескерiледi.
Тармақ 3
3. Барлық жағдайларда акция пакетiнiң бөлiнген көлемi мемлекеттiк акция пакетiнiң жоғарыда аталған көлемiнiң 5 процентiнен аспайды.
Тармақ 4
4. Акционерлiк қоғамдар басшыларына сату үшiн мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң рұқсатымен Меммүлiккомы шығарады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк акция пакетiнiң бiр бөлiгiн қоғамдардың басшыларына бөлу туралы ұсынысты мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, ұлттық, мемлекеттiк акционерлiк компаниялармен, соның iшiнде холдинг компанияларымен, жергiлiктi әкiмшiлiктермен келiсе отырып Меммүлiккомы табыс етедi. Меммүлiккомы енгiзген ұсыныста: болжамды сатып алудың мөлшерi мен тәсiлi туралы мәлiмет; акционерлiк қоғамның президентi туралы мәлiмет (анықтама-объективка) мазмұндалуға тиiс.
Тармақ 6
6. Бөлiнген акция пакетiн сатып алу акционерлiк қоғамның қаражаты немесе қоғам алған кредит есебiнен жүргiзiлмейдi.
Тармақ 7
7. Бөлiнген акция пакетiн сатып алған кезде сатып алынатын акцияның 20 процентi оның атаулы құнына қарай, қалғандары - сатып алу-сату шарты жасалған сәттегi негiзгi қордың соңғы қайта бағалауын ескерiп төленедi.
Тармақ 8
8. Сатып алу бiр жолғы жарнамен жүзеге асырылған жағдайда ақша қаражаты сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттен бастап бiр ай iшiнде енгiзiледi.
Тармақ 9
9. Акция пакетiн ұзартылған мерзiмге сатып алған кезде жалпы соманың 20 процентi мөлшерiндегi бастапқы жарна, сатып алынатын акция пакетiнiң атауы құнына қарай, сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттен бастап он күн мерзiмде енгiзiледi. Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттегi негiзгi қорлардың соңғы қайта бағалануын ескерiп, шартқа қол қойылған сәттен бастап 36 ай iшiнде өтеледi.
Тармақ 10
10. Акцияның құнын ұзартылған мерзiммен төлеген сатып алушы дивиденд алады және дауыс құқын төленген акциялар бойынша ғана пайдаланады. Мемлекеттiк акция пакетiнiң сатып алынбай қалған бөлiгi жөнiндегi барлық құқық Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде қалады, ал осы акциялар бойынша дивидендтер қолданылып жүрген заңға және қоғамның құрылтай құжаттарына сәйкес жiберiледi.
Тармақ 11
11. Сатып алушы мемлекеттiк акция пакетiн белгiленген мерзiмде алмаған жағдайда, акция пакетiнiң сатып алынбаған бөлiгi Меммүлiккомның иелiгiнде қалдырылады және қолданылып жүрген заңға сәйкес пайдаланылады.