О создании коммунального государственного учреждения «Отделение социальной помощи на дому» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ города Сарани» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 19-бабы, 9)-тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларының 2-1-тармағына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлімше) құрылсын.
Тармақ 2
2. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Басқа 0. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы
Саран қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «08» қаңтардағы № 02/01 қаулысымен бекітілген «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлімше) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінде көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімше Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «___» __________ № _____.қаулысымен құрылды.
Тармақ 3
3. Бөлімшенің құрылтайшысы мемлекеттік атқарушы орган – Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігі болып табылады. Заңды мекенжайы: 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі 67 үй.
Тармақ 4
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ, бөлімшеге қатысты бөлімшенің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 5
5. Бөлімшенің толық атауы: мемлекеттік тілде: «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; орыс тілде: коммунальное государственное учреждение «Отделение социальной помощи на дому» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ города Сарани».
Тармақ 6
6. Бөлімшенің мекенжайы: индекс 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жеңіс көшесі 45 үй.
Тарау 2. 2. Бөлімшенің заңдық мәртебесі
2. Бөлімшенің заңдық мәртебесі
Тармақ 7
7. Бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Бөлімшенің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Бөлімше басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Тармақ 9
9. Бөлімше өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Бөлімшеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 10
10. Бөлімшенің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Бөлімше қызметінің мәні мен қызметтері
3. Бөлімше қызметінің мәні мен қызметтері
Тармақ 11
11. Бөлімше қызметінің мәні бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға, жасына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.
Тармақ 12
12. Бөлімше қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көсету сандарттарына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.
Тармақ 13
13. Мақсатқа жету үшін Бөлімше келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қызмет алушылардың жеке қасиеттерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграция деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
Тармақша 2
2) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
Тармақша 3
3) қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
Тармақша 4
4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттіліктерін бағалау және айқындау;
Тармақша 5
5) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
Тармақша 6
6) барлық орындалған қызметтерді тұрақты тіркеуді, оларды түрлері мен санаттары бойынша жіктеуді, сондай-ақ ұсынылған қызметтердің нәтижелері мен тиімділігі туралы есептілікті қалыптастыру үшін деректерді жүйелі талдауды қоса алғанда, «Социум» платформасында алушыларға ұсынылған орындалған арнаулы әлеуметтік қызметтердің (АӘҚ) саны бойынша есепке алуды, статистиканы және есептілікті жүргізу;
Тармақша 7
7) таныс әлеуметтік ортада қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құруға жәрдемдесу;
Тармақша 8
8) стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету;
Тармақша 9
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі өзге де шараларды іске асыру.
Тармақ 14
14. Бөлімшенің осы Жарғыда бекітілген қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін мәмілелер жасауға құқығы жоқ.
Тармақ 15
15. Бөлімше қызмет мақсаттарына қайшы келетін мәміле Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле: тиісті саланың уәкілетті органының, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, қала әкімі аппаратының, прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4. Бөлімшені басқару
4. Бөлімшені басқару
Тармақ 16
16. Бөлімшені жалпы басқаруды жергілікті атқарушы орган «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Бөлімшені қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 2
2) Бөлімшеге мүлікті бекітеді;
Тармақша 3
3) Бөлімше мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Бөлімшенің жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 5
5) Бөлімшенің шешімдерді қалыптастыру және қабылдау құрылымын, тәртібін айқындайды;
Тармақша 6
6) Бөлімше басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 7
7) Бөлімшенің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;
Тармақша 8
8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша бөлімшені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Бөлімше басшысын «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 19
19. Бөлімше басшысы бөлімшенің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және Бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 20
20. Бөлімше басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес Бөлімше қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
Тармақ 21
21. Бөлімше басшысының жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бөлімше басшысы:
Тармақша 1
1) Бөлімше атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Бөлімшенің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) Бөлімшенің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Бөлімшенің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) Бөлімшенің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 10
10) Бөлімшенің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Жарғымен жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Бөлімше мүлкінің құрылу тәртібі
5. Бөлімше мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 23
23. Бөлімшенің мүлкін оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Бөлімшенің мүлкі мыналардың:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері себінен құрылады.
Тармақ 24
24. Бөлімше өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi иелiктен өз бетінше шығаруға немесе оған өзгеше әдiспен билiк етуге құқылы емес.
Тармақ 25
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Бөлімше кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 161-бабы 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Бөлімшенің қызметі Қарағанды облысы Саран қаласының бюджетінен қаржыландырады.
Тармақ 27
27. Бөлімше бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 28
28. Бөлімшенің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Бөлімшедегі жұмыс тәртібі
6. Бөлімшедегі жұмыс тәртібі
Тармақ 29
29. Бөлімшенің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 30
30. Бөлімшенің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Саран қаласы әкімдігінің шешімдері бойынша жүргізіледі және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімімен өтеді.
Тарау 8. 8. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 31
31. Бөлімшені қайта ұйымдастыру және таратуды Саран қаласы әкімдігі жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған бөлімшенің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
Тармақ 33
33. Осы заңды тұлғаның мүлкін сату нәтижесінде алынған, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған қаражатты қоса алғанда, таратылған Бөлімшенің ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.