О присвоение наименований безымянным улицам села Есет Қолданыста
Басқа 0
Есет ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211бұйрығына сәйкес, Есет ауылы халқының пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысына негізінде, Есет ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Есет ауылының атаусыз көшелеріне (бұған дейін нөмірленіп келген) келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) №1 аймақ №17 үйден №12А үйге дейін- «Отарбай Смайлов» көшесі;
Тармақша 2
2) Есет ауылының кіре берісінен Есет ауылы әкімдігіне дейін -
«Ауданбай Раушанов» көшесі;
Тармақша 3
3) №1 аймақ №23 үйден №32 үйге дейін - «Қайрат Бекенов» көшесі.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.