О переименовании улиц с повторяющимися названиями в селе Бейнеу Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бейнеу ауылындағы атауы қайталанатын көшелердің атауын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта алу, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес, Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бейнеу ауылындағы атауы қайталанатын көшелерге келесі атаулар берілсін:
Тармақша 1
1) Әділ көшесіне – Отырар көшесі;
Тармақша 2
2) Қаныш Сәтбаев көшесіне – Күлтөбе көшесі;
Тармақша 3
3) Амантұрлы көшесіне – Бозжыра көшесі;
Тармақша 4
4) Шағырлы көшесіне – Тамшалы көшесі;
Тармақша 5
5) Есекмерген көшесіне – Тыныштық Төленов көшесі;
Тармақша 6
6) Қашаған көшесіне – Қорабай Мекеев көшесі;
Тармақша 7
7) Досат көшесіне – Дүйсенғали Көшеров көшесі;
Тармақша 8
8) М.Жұмабаев көшесіне – Жылқыбай Қосаманов көшесі.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.