Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салада қызметін іске асыратын облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кіріс бөлігін аудару нормативі мемлекеттік кәсіпорынның таза кіріс сомасының 50 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; осы қаулыны оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.