О ставках земельного налога по Айыртаускому району Северо-Казахстанской области Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 582-бабының  1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 577 және 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.