О присвоении наименования улице села Мангистау Қолданыста
Басқа 0
Көше атауын беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, Мұнайлы аудандық маслихаты мен Мұнайлы ауданының әкімінің 18.12.2025 жылғы №38/214 бірлескен шешіміне, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Шерқала тұрғын массивінің №266 үй мен №863/2 үй аралығындағы көшеге Құтыш Манатов есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. «Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемелекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.