О присвоении наименований некоторым составным частям города Казалинск Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазалы қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес аумақ халқының пікірін ескере отырып, 2025 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазалы ауданы, Қазалы қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне:
Тармақша 1
1)Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесімен қиылысатын №1 атауы жоқ көшеге «Мұрат Қарымсақовтың» есімі;
Тармақша 2
2)Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесімен қиылысатын №2 атауы жоқ көшеге «Сайфул Әбдразақовтың» есімі;
Тармақша 3
3)Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесімен қиылысатын №3 атауы жоқ көшеге «Кенжалы Мырзағұловтың» есімі;
Тармақша 4
4)Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесімен қиылысатын №4 атауы жоқ көшеге «Алтыбай Сағымбаевтың» есімі;
Тармақша 5
5)Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесімен қиылысатын №5 атауы жоқ көшеге «Әріпбай Бекетовтің» есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.