Об изменении Положения юридических лиц Қолданыста
Басқа 0
Заңды тұлғаның Ережесіне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі «Заңды тұлғаның Ережесіне өзгерістер енгізу туралы» №81 қаулысымен бекітілген «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізіліп, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика сала бойынша орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. “Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Түлкібас ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «06» қаңтардағы
№ 12 қаулысымен бекітілген
“Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, аудандық бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алу, бюджеттік есептілікті жүргізу, ауданның коммуналдық меншігін басқару саласында жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Индекс: 161300 Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, №201-үй.
Тармақ 10
10. Осы ереже «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
стратегиялық, экономикалық және аудандық бюджетті атқару барысында мемлекеттік бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуын ұйымдастыру және мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1)құқықтары:
мемлекеттік орган өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді және мемлекеттік мекеменің қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді;
мемлекеттік органда ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиярлық жауаптылықта болады.
Мiндеттерi:
ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлейді;
ауданның әлеуметтік – экономикалық жағдайын талдайды;
аудан экономикасының жағдайы туралы ақпарат дайындайды;
ауданның даму бағдарламасын әзірлейді;
ауданның бюджеттік комиссиясының жұмыс органы болып табылады;
бюджет түсімдерін болжауды әлеуметтік – экономикалық даму болжамын ескере отырып жасайды;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік
экономикалық даму болжамын мемлекеттік қызметтің қолданылып жүрген заттай нормаларына, стандарттарына сәйкестігін қарайды;
ауданның үш жылдық кезеңге арналған бюджеті туралы жобасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді,
ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы тиісті мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарына сәйкес ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін нақтылау, түзету жөнінде ұсыныстарды бюджеттік комиссияның қарауына ұсынады;
аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті Бюджет кодексіне сәйкес тапсырады;
бюджеттің атқарылу принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді;
аудандық бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақ 15
15. Функциялары:
бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
салық төлеушінің тіркеуге алынған жеріндегі салық органының, толық көлемде аудандық бюджетке түсетін салық міндеттемелерін орындау туралы шешіміне келісім береді;
қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу масқатында бюджет қаражатын қаржы жылына бірқалыпты бөледі;
міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасауды, бекітуді, жүргізуді жүзеге асырады;
бюджеттік мониторингтің жүргізілуін жүзеге асырады;
алашақ және берешек қарыздар бойынша есептіліктерді дайындайды;
коммуналдық меншікті мүліктік жалға беру жөніндегі келісім шартын түзеді, мүліктік жалға берілген объектілерді өлшеуді және жалдау ақысы мөлшерінің есебін шығаруды жүзеге асырады;
мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекетке тиесілі үлесі бар шаруашылық серіктесіктерінің реестірін жүргізеді;
мемлекеттік мүліктің тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізеді;
аудан әкімдігінің коммуналдық меншік және оның мүліктік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мүддесін білдіреді;
«Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 бұйрығында көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға Түлкібас ауданының әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы болып табылады, бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді;
Заңнамаға және аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4)заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік, бухгалтерлік бірінші қол қою құқығы бар құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
«Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның қарамағындағы ведомстволары жоқ.
Тарау 6. 6. Жұмыс режимі
6. Жұмыс режимі
Тармақ 25
25. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және өзгеде заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.