Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на дому Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйден қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына және Абай облысының әкімдігінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 155 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулысына сәйкес Үржар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Л.Дуйсенова) осы қаулыдан туындайтын шаралардың заңда белгіленген тәртіпте орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімінің орынбасары Е. Сейльгазинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтері
Үржар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «25» желтоқсандағы № 457 қаулысына қосымша Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтері № Қызмет алушылар түрі Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) 1 Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 3849,94 2 Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 3849,94 3 Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға 3849,94 4 Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 3849,94 5 Егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға 3849,94