Об установлении публичного сервитута государственному учреждению «Управлению энергетики и жилищно - коммунального хозяйства акимата Костанайской области Қолданыста
Басқа 0
«Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35–бабына сәйкес «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Федоров ауданы, Қоржынкөл ауылдық округі, Лесное және Березовка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 11,28 гектар жер учаскесіне Лесное және Березовка ауылдарында газ тарату желілерін пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.