Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Мендыкаринского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 56-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісі сомасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.