Об отмене постановлений Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаулылардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 22 қарашадағы № 311 «Шардара ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэфициентін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25345 болып тіркелген) және Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 қазандағы № 287 «Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 22 қарашадағы «Шардара ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэфициентін бекіту туралы» № 311 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6385-13 болып тіркелген) күштері жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.