О реорганизации коммунального государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42 және 45-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 және 39-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124 және 130-баптарына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 «Мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің үлгілік жарғысын (жалпы ережесін) және мемлекеттік кәсіпорынның үлгілік жарғысын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымынан үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырып, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 4
4) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Электрондық банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 5
5) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің тиісті орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Соолтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Қосымша 1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту бөлімінің ведомстволары: «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
Тармақ 6
6. Жұмыспен қамту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыспен қамту бөлімі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150100 индексі, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 42-үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Жұмыспен қамту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Жұмыспен қамту бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жұмыспен қамту бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыспен қамту бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Жұмыспен қамту бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке аударылады.
Тарау 2. 2. Жұмыспен қамту бөлімінің міндеттері мен өкілеттіктері
2. Жұмыспен қамту бөлімінің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері: халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан еңбек ету еркіндігіне, қызмет түрі мен кәсіпті еркін таңдау құқығын іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру; біліктілікті және кәсіби деңгейді тұрақты арттыру; бюджеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақ 1
1. құқықтары: өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер беру; мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттық материалдарды сұрату және алу; шарттар, келісімдер жасасу.
Тармақ 2
2. міндеттері: мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету; коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарларын бекіту; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақ 1
1. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
Тармақ 2
2. халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
Тармақ 3
3. бюджеттік қаражатқа қажеттілікті болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін көрсету;
Тармақ 6
6. жұмыс орындарының қысқаруы және босатылу қаупі бар ұйымдарға мониторинг жүргізу;
Тармақ 7
7. аудандардағы жұмыс күші сұранысы мен ұсынысын талдау және болжау, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарын хабардар ету;
Тармақ 8
8. өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
Тармақ 9
9. жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша семинарлар өткізу, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақ 10
10. өз қарауындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
Тармақ 11
11. арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну;
Тармақ 12
12. мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу;
Тармақ 14
14. мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмегін үйлестіру;
Тармақ 15
15. мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
Тармақ 16
16. мүгедектігі бар адамдарды жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
Тармақ 17
17. қозғалысы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін, есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының қызметін ұсыну;
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету;
Тармақ 19
19. Отбасын қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру;
Тармақ 20
20. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру;
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;
Тармақ 22
22. «Пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды ресоциализациялау», «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» әлеуметтік жобаларының іске асырылуын бақылау;
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдарына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Жұмыспен қамту бөлімі басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
3. Жұмыспен қамту бөлімі басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жұмыспен қамту бөлімін басқаруды басшы жүзеге асырады және ол Жұмыспен қамту бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысының орынбасары болады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысының өкілеттіктері: басшы орынбасарының, «Отбасын қолдау орталығы» КММ директорының, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директорының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Отбасын қолдау орталығы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдер мен міндеттемелердің қаржыландыру жоспарын бекітеді; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жұмыспен қамту бөлімінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіреді; азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады; Жұмыспен қамту бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етеді және ол үшін дербес жауапкершілік атқарады; өз өкілеттіктері шегінде өзге де шешімдер қабылдайды; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. Жұмыспен қамту бөлімі басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Жұмыспен қамту бөлімінің мүлкі
4. Жұмыспен қамту бөлімінің мүлкі
Тармақ 21
21. Жұмыспен қамту бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін. Мүлік меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Жұмыспен қамту бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Жұмыспен қамту бөліміне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Жұмыспен қамту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату
5. Жұмыспен қамту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату 24. Жұмыспен қамту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қарауындағы ұйымдардың тізбесі: 1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген Қосымша 2 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3294 болып тіркелген), сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Орталық Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 14 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған.
Тармақ 4
4. Орталықтың құрылтайшысы Айыртау ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 5
5. Орталықтың мүлкіне қатысты мемлекеттік (коммуналдық) меншік субъектісінің құқықтарын Айыртау ауданының әкімдігі жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Орталықты басқаруды жүзеге асыратын орган – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы).
Тармақ 7
7. Орталықтың атауы: мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Центр оказания специальных социальных услуг» коммунального государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области». Орталықтың орналасқан жері: 150100 индексі, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 42.
Тарау 2. 2. Орталықтың құқықтық мәртебесі
2. Орталықтың құқықтық мәртебесі
Тармақ 8
8. Орталық мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
Тармақ 9
9. Орталықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Орталықтың атауы көрсетілген мөрі болады.
Тармақ 10
10. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа заңды тұлғаны құруға немесе оның құрылтайшысы (қатысушысы) болуға құқылы емес.
Тармақ 11
11. Орталық өз міндеттемелері бойынша өз иелігіндегі қаржылық қаражаттармен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікті тиісті бюджеттің қаражаты есебінен әкімшілік-аумақтық бірлік көтереді.
Тармақ 12
12. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 13
13. Орталық қызметінің мәні – өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Тармақ 14
14. Орталықтың мақсаты – бөгде күтім мен көмекті қажет ететін жалғыз басты қарт, еңбекке қабілетсіз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Тармақ 15
15. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақ 1
1. тұрғылықты жері бойынша, күндізгі уақытта үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін келесі санаттағы азаматтарға (бұдан әрі – қызмет алушылар) көрсету: бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектігі бар балаларға; бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға; он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға; бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға; қарттығына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын адамдарға;
Тармақ 2
2. әлеуметтік көмекке мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
Тармақ 3
3. арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау;
Тармақ 4
4. үйде қызмет көрсету ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де қызметтер.
Тармақ 16
16. Орталық осы Ережеде бекітілген қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға және мәмілелер жасауға құқылы емес.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы жасалған, не басшының құзыретін бұза отырып жасалған мәміле мемлекеттік басқару органының немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4. Орталықты басқару
4. Орталықты басқару
Тармақ 18
18. Орталықты жалпы басқаруды мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады. Орталықтың құрылтайшысы:
Тармақ 1
1. Орталыққа мүлікті бекітіп береді;
Тармақ 2
2. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақ 3
3. Орталықтың Ережесін, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
Тармақ 4
4. шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған немесе берілген мүлікті алып қоюға не қайта бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік басқару органы:
Тармақша 1
1) Орталықтың қаржыландыру жоспарларын қарайды, келіседі және бекітеді;
Тармақша 2
2) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттік мерзімін айқындайды;
Тармақша 3
3) Орталықтың құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;
Тармақша 4
4) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік басқару органы тарапынан қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 21
21. Орталықтың басшысы Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік басқару органына тікелей бағынады және жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
Тармақ 22
22. Орталықтың басшысы қаржы-шаруашылық қызметі, қаржы қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалану және мүліктің сақталуы үшін жеке жауапкершілікке ие.
Тармақ 23
23. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаты негізінде әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде барлық мәселелерді дербес шешеді.
Тармақ 24
24. Орталықтың жарғылық емес қызметін жүзеге асыруға бағытталған басшының әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік әрі материалдық жауапкершілікке әкеп соғады.
Тармақ 25
25. Орталықтың басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) сенімхатсыз Орталық атынан әрекет етеді және оның мүддесін білдіреді;
Тармақша 2
2) шарттар жасасады;
Тармақша 3
3) қызметкерлердің жеке жылдық жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 4
4) іссапарлар, тағылымдамалар, оқыту және біліктілікті арттыру жоспарларын бекітеді;
Тармақша 5
5) сенімхаттар береді;
Тармақша 6
6) банктік шоттар ашады;
Тармақша 7
7) Орталықтың қаржылық есептілігін бекітеді;
Тармақша 8
8) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 10
10) қызметкерлерді көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 11
11) ішкі еңбек тәртібі қағидаларын бекітеді;
Тармақша 12
12) қызметкерлердің міндеттерін айқындайды;
Тармақша 13
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды;
Тармақша 14
14) мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) заңнамада және осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Орталық мүлкін қалыптастыру тәртібі
5. Орталық мүлкін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 26
26. Орталықтың мүлкі оның балансында көрсетілетін заңды тұлғаның активтерінен тұрады және:
Тармақ 1
1. меншік иесі берген мүліктен;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптасады.
Тармақ 27
27. Орталық өзіне бекітілген немесе смета бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгеше түрде билік етуге құқылы емес.
Тармақ 28
28. Орталықтың қызметін қаржыландыру, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, тек жергілікті (аудандық) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Орталық бухгалтерлік есепті жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 30
30. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, алынған қаражат тиісті бюджетке аударылады, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңда көзделген салалардағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен қаражатты қоспағанда.
Тармақ 31
31. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру мен ревизия тиісті саланың уәкілетті органы тарапынан заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Орталықтағы жұмыс режимі
6. Орталықтағы жұмыс режимі
Тармақ 32
32. Орталықтың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен айқындалады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 33
33. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімі бойынша енгізіледі және Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Тарау 8. 8. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 34
34. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. 35.Таратылған Орталықтың кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган арқылы, аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша қайта бөлінеді.
Тармақ 36
36. Таратылған Орталықтың ақшалай қаражаты, оның ішінде мүлкін өткізуден түскен қаражат, кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін тиісті бюджет кірісіне есептеледі.
Тарау 9. 9. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
9. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
Тармақ 37
37. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.