107-бап. Банкті және банк холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатты беруден бас тарту
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII
Уәкілетті органның банкті (банк холдингін) ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсатын беруден бас тарту мынадай кез келген негiз бойынша жүргiзiледi:
1) қайта ұйымдастырылатын банктердің (банк холдингтерінің) жоғары органдарының тиiстi шешiмдерiнiң болмауы;
2) болжамды қайта ұйымдастыру салдарынан депозиторлардың мүдделерiне нұқсан келтіру;
3) уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және (немесе) лимиттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтердің және (немесе) лимиттердің болжамды қайта ұйымдастыру салдарынан бұзылуы;
4) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының болжамды қайта ұйымдастыру салдарынан бұзылуы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-221398/st-107/