114-бап. Таратылатын банк кредиторларының комитеті
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII
1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банкті ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
Кредиторлар комитетінің құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынуы бойынша уәкiлеттi орган бекітеді.
2. Кредиторлар комитетін қалыптастыру және оның қызметінің ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-221398/st-114/