121-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII
1. Сот банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн тарату iсiн жүргізуді қозғайды және уәкiлеттi органға банктің филиалдары мен өкiлдiктерiнің болуын ескере отырып, банктің тарату комиссиясын құру жөнiнде мiндет жүктейдi.
Банктiң тарату комиссиясы банк iстерiн аяқтау және оның депозиторларымен және өзге де кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қабылдайды.
2. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң тарату комиссиясын тағайындау және босату тәртiбi, тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талаптар, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртiбi және тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
3. Мәжбүрлеп таратылатын банктiң тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын банктің істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, кредиторлар комитетімен жасасатын келісіммен реттеледі.
Банктiң тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленетiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.
4. Уәкілетті орган уәкілетті органның тапсырмасы бойынша банкті мәжбүрлеп тарату рәсімін жүзеге асыру үшін банктерді тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға мамандандырылған адамдарды тартуға құқылы.
Банктерді мәжбүрлеп таратуды жүзеге асыру үшін тартылатын адамдарға қойылатын талаптар, банктерді тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер ұсынуға мамандандырылған заңды тұлғаны таңдау тәртібі, сондай-ақ олардың қатысуымен банктерді мәжбүрлеп таратуды жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-221398/st-121/