Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

124-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

қызметінің түрлері мен оны тоқтату негіздері
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы келісімінің (рұқсатының) не уәкілетті органның рұқсаты болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органы растауының негізінде қабылданған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің шешімі бойынша (қызметті ерікті түрде тоқтату);
2) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын барлық операцияны жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешімі немесе осы Заңның 126-бабында көзделген жағдайларда сот шешімі бойынша (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.