Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

13-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде микроқаржы ұйымын банкке мемлекеттік қайта тіркеуді Мемлекеттік корпорация уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берген рұқсаты және уәкілетті орган мақұлдаған микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есеп негізінде жүзеге асырады. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банк көрсетілген микроқаржы ұйымының барлық құқықтары (талаптары) мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
2. Банк микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банк лицензиясын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде клиенттерге микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, көрсетілген банк жүзеге асыруға құқылы операциялардың түрлерін көрсете отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырудың жүргізілгені туралы хабарлама жібереді. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банкке, микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын қарыз алушылар үшін жақсарту жағына қарай өзгертуді қоспағанда, микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге тыйым салынады.