131-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII
1. Осы Заңның нормалары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын барлық банктерге, оның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген нормативтік құқықтық актілердің негiзiнде ерекше тәртiппен құрылған банктерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама акционерлері (қатысушылары) болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын банктер мен өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылмайды.
3. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын алған банктерге қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-221398/st-131/