Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

133-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

Банкінің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
1. Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы шешімдеріне және әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн. Уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану, банк лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру, күшейтілген қадағалау режимін, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін, реттеу режимін және реттеу құралдарын және (немесе) жазбаша нұсқамаларды қолдану туралы шешімдеріне шағым жасау шағым жасалатын шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
2. Сот банкке реттеу режимін қолдану заңдылығы туралы шешімді осы Заңның 91-бабына сәйкес жүргізілген банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелерін ескере отырып қабылдайды.
3. Сот уәкілетті органның, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің және (немесе) банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің шешімі негізінде жасалған мәмілені жарамсыз деп таныған жағдайда, тараптардың осындай мәміле бойынша алғандарының барлығын қайтаруына жол берілмейді.