Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

24-бап. Банктің субординарлық борышы

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

Банктің субординарлық борышы деп банктің қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттемесі түсініледі, ол бір мезгілде мынадай шарттарды қанағаттандырады:
1) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеменің қолданылу мерзімі кемінде бес жылды құрайды;
2) кредитор (кредиторлар) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме бойынша оны мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талап қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер көрсетілген өтеу (орындау) банктің пруденциялық нормативтерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәндерден төмен азайтуға алып келмеген жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
4) банк таратылған кезде қамтамасыз етілмеген борыштық міндеттеме осы Заңның 123-бабында белгіленген он бірінші кезек тәртібімен қанағаттандырылады;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзге де шарттар (талаптар).