Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

76-бап. Банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

есептілігі
1. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банктің ірі қатысушысы-жеке тұлға осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен басқа, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органына кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық органына декларацияны ұсынғанын растай отырып уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынуға тиіс.