Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

81-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

1. Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне және банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарға:
1) осы Заңның 9-бабының 8-тармағында және 82-бабының 6-тармағында көзделген;
2) қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің заңды мүдделерін қорғауды, банктің және (немесе) банк конгломератының қаржылық орнықтылығын, банктің, банк холдингінің қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;
3) банк холдингінің және (немесе) банктің ірі қатысушысының әрекеттері (әрекетсіздігі) банктің, банк холдингінің қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға алып келуі мүмкін жағдайларда қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.
2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде:
1) ірі қатысушының белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банктің ірі қатысушысынан оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен оның тікелей немесе жанама иелену үлесін банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және банкті тәуекелге ұшырататын, өздері мен банк арасындағы операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
3) банк холдингінен банк холдингі олардың акционері (қатысушысы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарға қатысты банк холдингін не банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын өздерінің арасындағы операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
4) банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен өзінің иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына өздері қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізу белгілерін алып тастауды талап етуге;
5) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардан банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге ұшырататын, өздері мен үлестес тұлғалары арасындағы операцияларды жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
6) банктің немесе банк конгломератының меншікті капиталын банктің немесе банк конгломератының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын мөлшерде арттыру мақсатында банк холдингінен, банктің ірі қатысушысынан банкті немесе банк конгломератын қосымша капиталдандыру жөніндегі шараларды қолдануды талап етуге құқылы.