Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

95-бап. Банк акцияларын жаңа инвесторға

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

мәжбүрлеп сату
1. Егер банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату көзделсе, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жаңа инвесторды іздестіру, сондай-ақ келіссөздер жүргізу және жаңа инвестормен реттеу режиміндегі банктің акцияларын сатып алу-сату шартын жасасу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. Жаңа инвесторды таңдау мынадай талаптардың негізінде жүзеге асырылады:
1) акцияларды сатып алудың ең жақсы бағасын ұсыну;
2) жаңа инвестордың банкті оның қаржылық орнықтылығын және уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциалдық нормативтерді және (немесе) лимиттерді сақтауын қамтамасыз ететін деңгейге дейін қосымша капиталдандыру бойынша міндеттеме қабылдауы;
3) жаңа инвестордың тиімді басқаруды, орнықты бизнес-модельді және банктің одан әрі дамуын қамтамасыз ету қабілетін растауы.
2. Реттеу режиміндегі банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату осы банк акционерлерінің келісуін талап етпейді. Жаңа инвесторды таңдауды, сондай-ақ реттеу режиміндегі банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату бағасын банктің қызмет қабілетін бағалауды ескере отырып, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік айқындайды және оларды уәкілетті орган келісуге тиіс. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік реттеу режиміндегі банктің акцияларын мәжбүрлеп сатудан түскен ақшаны акциялары жаңа инвесторға сатылған акционерлер (бұрынғы акционерлер) пайдасына аударуға тиіс.