Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

99-бап. Реттеу режимін тоқтату

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

1. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) реттеу құралдарын қолдану банкке реттеу режимін қолдану негіздерінің жойылуына алып келгенде;
2) уәкілетті орган мынадай жағдайларда: реттеу құралдарын қолдану банкке реттеу режимін қолдану негіздерінің жойылуына алып келмегенде; осы Заңның 97-бабында және (немесе) 98-бабында көзделген реттеу құралдары қолданылғаннан кейін реттеу режиміндегі банкті кейіннен мәжбүрлеп тарату мақсатында осы банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанда, реттеу режимін тоқтату туралы шешімді қабылдайды.
2. Уәкілетті орган реттеу режиміндегі банкті осы Заңның 83-бабында айқындалған тәртіппен операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырады.