Об изменении наименования улицы села Байылдыр города Кентау Қолданыста
Басқа 0
Кентау қаласы, Байылдыр ауылының көше атауын өзгерту туралы
2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 - бабының 4 тармағына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысы негізінде және Байылдыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Байылдыр ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Кентау қаласы, Байылдыр ауылындағы «М.Кутузов» көшесіне «Әлихан Бөкейхан», «Володарский» көшесіне «Кенесары хан» атауы, «Новостройка» көшесіне «Қажымұқан» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байылдыр ауылы әкімі аппаратының бас маманы М.Шамсутдиновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.