Об установлении публичного сервитута Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы, Жетібай ауылы жерінен көлемі 10,39 гектар жер учаскесіне «Becturly Energy Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Шығыс Бектурлы учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 02 сәуіріне дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
Қарақия ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «26»қарашадағы № 225 қаулысына қосымша Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі № Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскесінің көлемі (га), кадастрлық нөмірі 1 А.Қартбай шаруа қожалығының жері 6,7 гектар 13-197-017-278 2 Н.Темиралиева шаруа қожалығының жері 3,69 гектар 13-197-017-974 Барлығы 10,39 гектар